Талдықорғанда футбол сабағынан шеберлік сағаты өтті

2017 жылдың 7-8 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында футбол сабағынан шеберлік сағат өткізілді. 

Теориямен басталған семинар екінші күні тәжірибемен жалғасты."Жетісу" футбол клубының жаттықтырушылары жасыл алаңда балаларға футболдың қыр-сырын үйретті. Дәл осындай шеберлік сағаты алдағы уақытты да ұйымдастырылатын болады. 

Семинардың теориялық бөлімін Алматы облысы білім басқармасының «Мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер» бөлімінің басшысы Елубаева Гүлжан Мұхамажанқызы ашты. 

Г.М.Елубаева 2017-2018 оқу жылында облыстың 30 жалпы орта білім беретін мектептері дене шынықтыру пәні сабағының 3-ші сағаты «Футбол сабағын» енгізу бойынша апробациядан өтетінін, пилоттық жобаға қатысатын мектептердің контингентімен және семинарға келген қонақтармен таныстырып сөз кезегін Қазақстан Республикасының Футбол федерациясының техникалық директоры Роздобудько Николай Николаевичке берді. 

Қазақстан Республикасының Футбол федерациясының техникалық директоры Роздобудько Николай Николаевич  ең алдымен футбол ойынының тарихын және сабақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын доптарды айтып өтті.

Қазақстанның футбол федерациясының мамандарымен әзірленген және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Жалпы орта білім беру мекемелерінің дене шынықтыру сабағында футболмен шұғылдану үшін I-IV сынып оқушыларына арналған әдістемелік құралымен таныстырды. «Футбол сабағын» енгізудің мақсаты оқушылардың футболға деген танымдық мүдделерін дамытуға, спорттық ойын түрлерінің ең бұқаралық және кеңінен таралған футбол ойынын насихаттауға, дәріптеуге бағытталғанын айтты.  

Білім басқармасының «мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер» бөлімінің бас маманы Н.Нүсіпбаева семинар соңында семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Семинар барысында айтылған ұсыныстар қарастырылып, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне ұсыныс хаттар жіберілетінін, 2017-2018 оқу жылына доптарға қаржы бөлініп алынғанын, алынған доптарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары жауапты екендігін, сапасы нашар, тех.сипаттамасына сәйкес келмейтін доптарды кері қайтаруға мүмкіндіктері бар екендерін айтты.

«Болашақ азаматтың дені сау, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып, көпшілдік  дағдыларын бойына  терең сіңіріп өсуіне мектептердегі дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қосар үлесі зор, сол себептен осы пилоттық жобада бір ауыздан жұмыс жасап жақсы көрсеткіштер мен нәтижелерге жету басты мақсатымыз» -деп сөзін аяқтады.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде Талдықорған қаласының «Жетісу» футбол клубының жаттықтырушылары семинарға қатысушыларға «Жетісу» орталық стадионының футбол алаңында шеберлік сыныбын өткізді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының «Ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының жетекшісі М.Тұяқбаева 2 күнге созылған семинар-практикумды қорытындылады.