«Тараз» футбол орталығының балаларына жаңа спорттық жабдықтар тапсырылды

«Астана» командасының осындай байрақты бәсекеге шыққандығы үшін Еуропалық футбол ассоцияциясы, яғни, УЕФА Қазақстанға 5 млн. еуро көлеміндегі қомақты қаражат бөлді.

2015- 2016 жылдардағы футболдан чемпиондар лигасынының топтық кезеңінде Қазақстандық «Астана» командасы сәтті өнер көрсеткенін жақсы білесіздер.

Бұл мақсатты транш болатын. Өйткені, осы қаражатты елімізде балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін берген еді.

Осыны ескерген Қазақстан футбол федерациясы бұл ақшаны әр өңірге бөлді. Бірақ, олар бөлген кезде футболдан қай облыс қандай нақты нәтиже көрсетті. Қай облыстың футбол мектептері жақсы қалыптасқан. Қай өңірден шыққан футболшылар ұлттық құрамада, Премьер–Лига ойындарында сәтті өнер көрсеткендігін ескерді.

Өйткені, мақсат біреу ғана. Елімізде балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту. Оларға жағдай жасап, футбол орталықтарының материалдық – техникалық жағдайын нығайту болатын.

Әрине, бұл тұрғыда өзіндік үлкен футбол мектебі қалыптасқан, Қазақстанға көптеген үздік футболшылар силаған Жамбыл футбол мектебі де ескерусіз қалған жоқ. Өңірімізді балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін ҚФФ- сы бізге 90 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді.

Бұл ақша бірінші кезекте балалардың футбол жабдықтарын алуға жұмсалды. Олардың ішінде түрлі құрал–жабдықтар, доптар, спорттық киімдер, жазғы костюм мен қыста киетін костюмдер, салтанатты жиындарда киетін киімдер, жаттығуда киетін шортылар бар. Бір сөзбен айтқанда жалпы алынған заттардың бір балаға 20 данадан астам түрі бар. Олар барлық стандартқа сай белгілі фирмалардан алынған спорт жабдықтары мен киімдері болатын. Күні кеше "Тараз" және "Ақтөбе" командалары арасындағы матч кезінде бұл заттарды клуб президенті, облыстық мәслихат депутаты Махамбет Дүйсембаев жасөспірімдерге өз қолымен табыс етті.

«Тараз» футбол орталығының бүгінгі жетістіктері де аз емес екендігін жақсы білесіздер. Қазір біздің орталықта 7 жас бойынша командалар жасақталған. Оның ішінде 2005 жылы туған балалардан жасақталған командамыз Астана қаласында өткен Қазақстан футбол орталықтары мен академиялары арасындағы ақтық кездесудің финалына шығып, күміс медальді жеңіп алды. Бұл әрине біз үшін үлкен жетістік. Ал, 1999 және 2003 жылы туған жасөспірімдеріміз алдағы айларда «Тараз» клубының намысын қорғайды.

Дереккөз: "Тараз" футбол клубының баспасөз қызметі