Сергей Хижниченко: Ұлттық құрама үшін кез келген футболшы таңғы алтыда тұруға дайын

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Румыния-Қазақстан матчы алдында журналстердің сұрақтарына жауап берді.

– Сергей, ертеңгі ойын туралы қандай пікірдесіз?

– Румыния құрамасы жаңа бапкердің қол астында алғашқы ойындарын өткізбек. Сондықтан олар өз жерінде, жанкүйерлері алдында ойнаған соң жеңіске жетуге тырысады. Дегенмен біз де Румынияға жеңіс үшін келгенімізді айтқым келеді.

– Екі құрама да әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды. Ертеңгі матчтан  жанкүйерлер тартысты ойын күтуіне бола ма?

– Әрине, жанкүйерлер үшін әрбір ойын маңызды. Румынияға жеңіс үшін келген соң, барымызды салып ойынауға тырысамыз. Жанкүйерлер үшін де ертеңгі ойын тартысты болады деп ойлаймын.

- Қазақстанда футбол маусымы аяқталуға жақын. Өз мүмкіндігіңізді қалай бағалайсыз? Шаршап қалған жоқсыз ба?  

- Ұлттық құрама үшін кез келген футболшы таңғы алтыда тұруға дайын. Сонымен қатар, ойыншы алаңға шығып, жақсы ойынымен өзін Ұлттық құрамаға бекер шақырылмағанын дәлелдеу керек деп есептеймін. Ал, шаршау туралы футболшыларда сөз болмауы керек. Біздің мақсат - алаңға шығып, берілген тапсырманы 100 пайыз орындау.  

egemen.kz