«БИІК-Қазығұрт» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасынының плей-офф кезеңін жеңістен бастады

Қазақстанның «БИІК-Қазығұрт» командасы әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 финалынын алғашқы матчында Шотландияның «Глазго Сити» командасын жеңді.

Шымкенттегі «Намыс» стадионында өткен кездесуде қазақстандық ұжым қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түсті.

Калоян Петковтің шәкірттері алғашқы голды 48-ші минутта соғып, есепте алға шықты. Голдың авторы – Бегайым Қырғызбаева. Ойын қарқынын үдете түскен футболшы қыздарымыз 54-ші минутта есепті еселей түсті. Дәл соққыны жасаған Келин Корт.

Екі голмен тоқтамаған «БИІК-Қазығұрт» 58-ші минутта үшінші голды соқты. Бұл жолы дәл соққысымен Гүлнара Габелия көзге түсті. Осылайша матч 3:0 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді.

Енді қарымта ойын 12 қазан күні Шотландияның Глазго қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің намысын қорғап жатқан «БИІК-Қазығұрт» командасы іріктеу турнирін 1-ші орынмен аяқтады.

«БИІК-Қазығұрт» - «Глазго Сити» 3:0 (0:0).

Голдар: Қырғызбаева 48, Корт 54, Габелия 58.

«БИІК-Қазығұрт»: Александра Гребенюк, Брук Даннигэн, Гүлнара Габелия (Светлана Бортникова, 90+3), Алина Литвиненко, Кристина Машкова, Юлия Мясникова, Чинвенду Ихезуо (Екатерина Бабшук, 89), Черити Адуле (Юлия Николаенко, 87), Бегайым Қырғызбаева, Дарья Кравец, Келин Корт.

Резерв: Оксана Железняк, Джеки Мессомо, Жозефин Нганди, Екатерина Красюкова.

«Глазго Сити»: Ли Александер, Лорен Макмерчи, Хэйли Лаудер, Эбби Грант, Леанн Кричтон, Ноэль Мюррей, Никола Дохерти, Кива Кинэн, Линн Росс, Меган Фоли (Джоан Пэтон, 67), Кэти Маккейб. 

Резерв: Эрин Клэчерс, Саванна Маккарти, Карла Бойс, Эйлиш Максорли, Саманта Керр.

4 қазан 2017 жыл, Шымкент қаласы, «Намыс» стадионы.