Қазақстан ұлттық құрамасының еуропалық бағыттар бойынша қазақстандық әуе компаниялардың ұшақтарымен ұшпауының себебі

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының өзбекстандық әуе компаниялардың ұшақтарын пайдаланғаны туралы хабар кейбір ақпарат құралдарында біржақты көрсетілген.

Қазақстан Футбол Федерациясы еліміздің құрамасы еуропалық бағыттарда қазақстандық компаниялармен ұшпайытыны туралы түсіндірмесі.

Отандық әуе компаниялар арасында тек «Эйр Астананың» ғана Еуропаға ұшу рұқсаты бар. Федерация футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін чартерлік тасымал ұйымдастыру мәселесі бойынша «Эйр Астана» компаниямен бірнеше рет келіссөздер жүргізді. Алайда «Эйр Астанада» футболшылар үшін чартерлік рейстер жасайтын ұшақтар ұсыну мүмкіндігі жоқ. Сол себепті біз басқа елдердің әуе компонияларын пайдалануға мәжбүрміз.

Көбінесе бұл көршілес елдердің әуе компаниялары: Өзбекстан, Ресей, Армения, Грузия. Алматыдан Бухарестке (Румыния) барып, қайтарда Астанаға келуге өзбекстандық компания таңдалды. Себебі олар баға мен сапа тұрғысынан ең ұтымды ұсыныс жасады.

Айта кетейік, Ұлттық құрама чартерлік рейспен тек тура бағытта тұрақты рейс болмаған жағдайда ғана ұшады. Мысалы, Варшавадағы (Польша) матчқа Ұлттық құраманың футболшылары польшалық компанияның әуе рейсімен қатынады. Осыған қоса польшалық әуе компания Федерацияның өтініші бойынша Варшавадан ұшып шығу уақытын Ұлттық құрама үшін ыңғайлы уақытқа ауыстырып берді. Черногория құрамасымен болған матчқа құрама армениялық компанияның қызметін пайдаланды.

БАҚ-та қате және нақты емес хабар тарамау үшін журналистерді тек тексерілген ақпаратты пайдалануға шақырамыз. Ал Федерация өз кезегінде кез келген сұрақтарға ашық, шынайы әрі нақты жауап беруге әрдайым дайын.

Біз Ұлттық құрамымыздың Румыниямен болатын кездесуінен жақсы нәтиже күтеміз және елге аман-есен оралуын тілейміз.