Қазақстан футбол федерациясы 15-ші Конференциядан тікелей бейнекөрсетілім  жүргізеді

12 қазан, сағат 11:00-де «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кезекті 15-ші Конференциясы өтеді.

Қазақстан футбол федерациясы Конференцияның тікелей көрсетілімін Facebook.com әлеуметтік желісі (https://www.facebook.com/KFFkaz) мен YouTube арнасында (https://www.youtube.com/user/tvkffkz/) жүргізеді.

Шараның тікелей эфиріне қосылу үшін жоғарыда көрсетілген сілтемелерге 12 қазан күні сағат 11.00-де өту қажет. Бейнекөрсетілімнің жазбасы аталған парақшаларда сақталатын болады.  

Конференцияның күн тәртібінде Кезекті және Кезектен тыс Конференциялардың хаттамалары бекітіледі. Қазақстан футбол федерациясының президентінің және Атқарушы комитеттің ҚФФ қызметі жөнідегі есебі тыңдалады. «Ұлттық паралимпиялық комитет» қоғамдық бірлестігіне мүше болуы және федерацияның филиалдарын құру сұрақтары қаралады.

Конференцияның алғашқы бөлігі ашық әрі тікелей эфирде көрсетіледі. Конференцияның екінші бөлігі жабық өтеді.

Анықтама: Конференция -  жыл сайын Атқарушы комитет шақыратын Қазақстан футбол федерациясының жоғары басқару органы.

 

ҚФФ мүшелерінің құрамы:
 

«Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ

«Алматы футбол федерациясы» ЗТБ

«Астана қаласының футбол федерациясы» ЗТБ

«Ақтөбе облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ

«Жамбыл облысының футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ

«Батыс Қазақстан облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ

«Қарағанды облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ

«Қостанай облысының футбол одағы» ЗТБ

«Қызылорда облыстық футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ

«Маңғыстау облыстық футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ

«Оңтүстік Қазақстан облысының футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ

«Ақмола облыстық футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ

«Шығыс Қазақстан облысының футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ

 «Павлодар облыстық футбол федерациясы» ҚБ

«Солтүстік Қазақстан облыстық футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ

«Облыстық футбол федерациясы» ҚБ (Атырау облысы)

«Семей қаласының футбол федерациясы» ҚБ

«Шымкент қаласының футбол федерациясы» ҚБ

«Әйелдер футболын дамыту қоры» ҚБ

 «Қазақстан футзал қауымдастығы» ЗТБ

«Қазақстан футболының ардагерлері» ҚФ

«ҚАЙРАТ 1995» ЖШС

«Қазақстандағы Букмекерлер мен Тотализаторлар қауымдастығы» ЗТБ

«Риддер» футбол клубы» ҚБ

«Таразхиммонтаж» ЖШС

«Қайрат» футбол клубы» ЖШС

«AstanaCargoService» ЖШС

«Цесна-Мак» ЖШС

«Концерн «Цесна-Астық» ЖШС

«Кунар-Трейд» ЖШС

«Астық Логистик» ЖШС

«МАҚСАТ» астаналық бетон комбинаты» ЖШС

«Astana-Plat» ЖШС

«АСТАНА КАПИТАЛ ИНВЕСТ» АҚ

«Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы» қауымдастығы» ЗТБ