Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің бұзақылық іс-әрекеттеріне қарсы

Қазақстан футбол федерациясы «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ҚР Кубогының финалы кезіндегі «Ақтөбе» командасы жанкүйерлерінің тәртібіне қатты алаңдаулы.

Еліміздің футбол федерациясы футболдағы зорлық-зомбылыққа қатысты нақты пікір ұстанады. Футбол алаңындағы ойыншылар арасында, трибуналарда және сырт алаңда жанкүейерлер арасында агрессия болмауы тиіс.

Жанкүйерлермен жұмыс – клубтардың тікелей жұмысының бірі екенін түсіну қажет. Олар клуб қолдаушыларының белсенді мүшелерімен түсіндірме жұмысын жүргізіп отырғаны шарт. Себебі олардың іс-әрекетіне басқа командалардың жанкүйерлерінің денсаулығымен қатар, олардың өмірі де байланысты.

Жанкүйерлер тарапынан бұзақылық әрекеттер болған жағдайда Қазақстан футбол федерациясы олар үшін стадионға кіруге шектеу қояды.

Жанкүйерсіз футбол болмайды. Себебі олар өз командасы үшін барынша қолдау көрсетеді. Тек жанкүйерлердің арқасында футбол алаңында ерекше атмосфера қалыптасқан. Жеңіс те, жеңіліс те эмоцияға толы болады. Футбол сүйер жанкүйерлер өзге командаларды құрметтеу керек. 

Футбол стадионға келген адамға қорқыныш пен жаман эмоция емес, қайта тек жақсылық пен позитив әкелу қажет. Біздің ортақ мақсатымыз – футболды жақсы көретін адамдар қоғамын қалыптастыру. Сонымен қатар, біздің жанкүйерлер стадионға кей жағдайларға алаңдап келмей, өз командасы үшін жанкүйер болуға мүмкіндік жасауымыз керек.