Сейілда Байшақов: «Астана» командасын жеңісімен құттықтаймын!

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов Еуропа Лигасының топтың кезеңіндегі «Астана» - «Маккаби» матчы туралы пікір білдірді.

«Астана» клубы «Маккабиге» қарсы барлық 90 минут бойы сенімді ойнай білді. Айта кетейін, бұл өте мықты қарсылас. Оның құрамында кезінде Еуропа чемпионаттарының ең мықты командаларында ойнаған жоғары деңгейдегі футболшылар баршылық. Алайда, Станимир Стойловтың шәкірттерінде артқа шегінетін жол болған жоқ, себебі «Астанаға» тек жеңіс керек еді. Ал елордалық команданың жеңісі өте сенімді болды.

Суық ауа-райына қарамастан стадионға жинғалған жанкүйерлерге де ерекше алғыс. Қазір «Астана» - отандық футболдың бренді. Елордалық клуб елімізді әлемдік деңгейде танытып жүр. Болашақта «Астана» командасына көптеген жеңіс тілеймін. Қазақстанның абыройын асқақтата берсін!

 

Қазақстан футбол федерациясының президенті                        Сейілда Байшақов