Алматыда алғаш рет әйелдер арасында футзалдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Елімізде бірінші рет Қазақстан футбол федерациясы  әйелдер арасында футзалдан Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.

Жарысқа еліміздің үш аймағынан (Шымкент, Алматы, Ақтөбе) 10 команда қатысады: «Жігер», «Жастар Ақтөбе», «КазГосЖенПу», KazAst, «Сұңқар – Су», ОСДЮСШ №2 г. Ақтөбе, Sport Concept, СДЮШОР №2, КазУМОиМЯ және КазНАУ. Чемпионат нәтижесі бойынша футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы жасақталып, халықаралық сайыстарда еліміздің намысын қорғайды.

Турнир 29 қазан мен 4 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Baganashil» спорт кешенінде өтеді. Ойындар күнде сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін болады. Осыған қоса

Әйелдер арасындағы футзалдан еліміздің алғашқы чемпионатының мақсаты – көпшілікке футбол мен футзалды насихаттау. Сонымен қатар, бұрын үлкен футболда доп тепкен ойыншылардыға әлеуметтік бейімделуіне көмектесу. Бұл жарыс жанкүйерлер тарапынан кең қолдауға ие болып, жыл сайын деңгейін тек өсе береді деген сенімдеміз. Себебі үлгі алатын команда да бар. Алматының «Қайрат» футзал клубы жылдар бойы халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатып жүр. Осыған қоса команда жетістіктері Ұлттық құраманың ойынына жақсы әсер етіп, отандық футболшылардың шеберлігінің шыңдалуына да септігін тигізгенін байқауға болады.