Тәртіптік бақылау комитеттің кезекті отырысы өтті

30 қазанда өткен тәртіптік бақылау комитеттің отырысында келесі шешімдер қабылданды:

Күн тәртібі:

1. Ойындарды ұйымдастыру және өткізу туралы инспекторлардың рапорттарын қарастыру.

2. Бірінші Лиганың XXVII туры аясында өткен «Қайрат А» мен «Каспий» командалары арасындағы матч туралы ҚКФЛ хатын қарастыру.

Премьер-Лига

XXXI тур

«Тараз» - «Шахтер»

ҚФФ ТР 136-бабына сәйкес «Тараз» футбол клубына – ойын барысында жанкүйерлер матчтың ресми өкіліне қатысты балағат сөздер айтқаны үшін «300.000 (үш жүз мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

«Қайсар» - «Атырау»

ҚФФ ТР 129-бабына сәйкес «Қайсар» командасының бас бапкері Стойче Младеновке – төрешінің рұқсатынсыз бірнеше рет техникалық аймаққа шыққаны үшін «150.000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

XXXII тур

«Атырау» - «Тараз»

ҚФФ ТР 141 және 135-баптарына сәйкес «Атырау» футбол командасына – көрермендер стадионда қорлаушы сипаттағы көрнекі агитация құралдарын (баннер) пайдаланғаны үшін «200.000 (екі жүз мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

«Оқжетпес» - «Ертіс»

ҚФФ ТР 138-бабының 1-тармағына сәйкес «Оқжетпес» футбол командасына – ойын алдында көрермендер пиротехникалық заттар қолданғаны үшін «200.000 (екі жүз мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

Бірінші Лига

XXV тур

«Қыран» - «Шахтер-Болат»

ҚФФ ТР 98-бабының сәйкес «Шахтер-Болат» футбол клубына – команданың лайықсыз ойыны (команданың 5 ойыншысы ескерту алғаны) үшін «100.000 (жүз мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

«Мақтаарал» - «Каспий»

ҚФФ ТР 118-бабының сәйкес «Каспий» футбол клубының қақпашысы Н.Аязбаевты ойынның ресми өкіліне балағат сөз айтқаны үшін7 матчқа шеттету. Дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 18 қазанынан басталды деп анықтау.

Екінші Лига

XXVII  тур

«Оқжетпес (жас.)» - «Алтай»

ҚФФ ТР 100-бабының сәйкес «Алтай» футбол клубына – ойын қатысушысының киім-кешегі жарыс тәртібіне сәйкес болмай, матчтың кеш басталуына себепші болғаны үшін «50.000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

XXIX тур

«Ақжайык (жас.)» - «Ертіс (жас.)»

ҚФФ ТР 118-бабының сәйкес «Ертіс (жас.)» футбол клубының ойыншысы Т.Байсуфиновты қарсыласты гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін 1 матчқа шеттету. Дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 19 қазанынан басталды деп анықтау.

«Ақтөбе (жас.)» - «Жетісу (жас.)»

ҚФФ ТР 118-бабының сәйкес «Ақтөбе (жас.)» футбол клубының ойыншысы Е.Чернышовты дөрекі ойыны (ойын тоқтатылған кезде қарсыласты әдейі итергені) үшін 3 матчқа шеттету. Дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 19 қазанынан басталды деп анықтау.

XXX тур

«Оқжетпес (жас.)» - «СДЮШОР №7»

ҚФФ ТР 98-бабының сәйкес «Оқжетпес (жас.)» футбол клубына – команданың лайықсыз ойыны (команданың 5 ойыншысы ескерту алғаны) үшін «50.000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

ҚФФ ТР 15-бабының 4-тармағына сәйкес «Оқжетпес (жас.)» футбол клубының бас бапкері С.Бикмухаметовты 1 матчқа шеттету және оған ҚФФ ТР 130-бабына сәйкес клубтың ресми өкілі ойынға әдейі араласқаны үшін «50.000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл»санкциясын қолдану, осыған қоса оған ҚФФ ТР 118-бабына сәйкес клубтың ресми өкілі ойынның ресми өкілін балағаттағаны үшін «75.000 (жетпіс бес мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану. С. Бикмухаметовтың дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 21 қыркүйегінен басталды деп анықтау.

«Ақтөбе (жас.)» - «Шахтер (жас.)»

ҚФФ ТР 118-бабының сәйкес «Ақтөбе (жас.)» футбол клубының ойыншысы А.Темирбаевты дөрекі ойыны (ойын барысында қарсыласын соққаны) үшін 3 матчқа шеттету. Дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 25 қазанынан басталды деп анықтау.

2. Екінші сұрақ бойынша.

ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік комитетіне ҚКФЛ тарпынанXXVIIтур аясындағы «Қайрат А» мен «Каспий» футбол клубтары арасындағы матч өтпегені туралы хат келді.

Талқылау барысында «Каспий» футбол командасы ҚКФЛ-ды команда қайта құрылуына байланысты ойынға қатыса алмайтынын ескерткені анықталды.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сай ШЕШІМ қабылданды:

1. ҚФФ ТР 90-бабының сәйкес «Каспий» футбол клубына – күнтізбеде көрсетілген матчқа қатыспағаны үшін 0:3 есебімен (ҚФФ ТР 25-бабына сәйкес) техникалық жеңіліс тағайындау.

2. ҚФФ ТР 25-бабына сәйкес «Қайрат А» футбол клубына 3:0 есебімен техникалық жеңіс тағайындау.