Алматыда 13 жасқа дейінгі қыздар үшін футзал фестивалі өтті

Шараға 100-ге жуық қыз бала қатысты.

Алматыда УЕФА бағдарламасы аясында «Grassroots Festivals for girls-2017» фестивалі ұйымдастырылды. Шара «Бағанашыл» спорт кешенінде өтті. Фестивальге 13 жасқа дейінгі 100-ге жуық бала қатысты. Оларға жаңа киім-кешек үлгісі көрсетілді.

Бұл фестиваль Қазақстанның басқа қалаларында да өтеді. 15 қазан күні аталмыш шара Қостанайда, ал 1 желтоқсанда Астанада болмақ. Футзал фестивалі спорттың осы түрі бойынша алғашқы Қазақстан чемпионаты бастамасы ретінде өтті.