Премьер-Лиганың 32-тур ойындарының нәтижесі бойынша ТҚД директоры Николай Левниковтің берген бағасы

Қазақстан футбол федерациясы Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Николай Левников Премьер-Лиганың 32 турда болған кейбір сәттердегі төрешілік шешімдерге түсініктеме берді.

«Астана» – «Қайрат»

Ойынның 22-ші минутында «Астана» шабуылшысы қарсылас қақпасына доп тебеді, алайда доп «Қайрат» қорғаушысының тізесінен серпіліп, «Қайраттың» 19 нөмірде ойнаған ойыншысының қолына тиеді. Қорғаушының қолы төменде, денесіне жақын, табиғи қалыпта еді. Ойын ережесінің барлық шарттарына сәйкес доптың қолға мұндай тиюі әдейі деп есептелмейді. Сондықтан ойын төрешісі Денис Измайлов матчты жалғастыра бергені дұрыс болды.

74-ші минутта айып алаңының сыртында доп «Қайраттың» 5 нөмірдегі қорғаушысының қолына тиеді. Төреші айып добын белгілемегені дұрыс. Себебі қол денеге барынша жақын орналасқан және доп қолға арқадан серпілік тиді.

«Ақтөбе» – «Ордабасы»

35-ші минутта «Ақтөбе» командасының 88 нөмірдегі ойыншысы қарсыласын қолмен тоқтатады. Ойын төрешісі Данияр Сахи айып добын белгілеп, оның дұрыс орнын көрсетеді. Осыған қоса перспективалық шабуылды тоқтатқаны үшін қорғашыға сары қағаз бергенідұрыс шешім болды.

«Шахтер» – «Тобол»

43-ші минутта «Шахтердың» айып алаңында «Тобылдың» 99 нөмірдегі ойыншысы құлайды, алайда төреші Александр Гаузер ойынды жалғастыру туралы дұрыс шешім қабылдайды.

82-ші минутта төреші «Тобыл» қақпасына пенальти белгілейді. Бұл дұрыс шешім. Қайталаудан анық көргеніміз: қорғашыға болмашы тиген доп шабуылшыда қалады. Ол оны алдына салып жүгіреді, сол мезетте қорғаушы оны шалады. Ереже абайсыз бұзылды, сондықтан пенальти беріледі, бірақ ешқандай тәртіптік санкция қолданылмайды.

86-шы минутта «Шахтер» командасының 15 нөмірдегі ойыншысына екінші сары қағаз көрсетіп, дөрекі ойыны үшін матчтан шығарғаны өте дұрыс. Айта кетейін, егер футболшы аяғын тағы сәл қаттырақ созғанда төреші қызыл қағаз көрсетуге толық құқылы еді.

 

«Атырау» – «Тараз»

41-ші минутта гол соғылады, алайда төрешінің көмекшісі Айдын Тасыбаев оны есептемей керемет шешім шығарады. Себебі ол стандарт кезінде «Атыраудың» 81 нөмірдегі ойыншысы ойыннан тыс қалғанын байқап қалған.

68-ші минутта төреші Артем Кучиннің «Тараздың» 9 нөмірдегі ойыншысына симуляция жасағаны үшін сары қағаз бергені дұрыс шешім.

81-ші минутта бірінші көмекші Руслан Сүйінов дұрыс шешім қабылдайды. Гол соғылған кезде ойыннан ешкім тыс қалмады, сондықтан гол дұрыс соғылды. 

«Оқжетпес» – «Ертіс»

Жас төреші Георгий Чеховскийде бұл кездесуде айып алаңындағы күреске байланысты үш рет қиын жағдай болды. ТСК оның 62-ші және 82-ші минуттардағы шешімдерін дұрыстығын қолдайды. Себебі бұл екі сәтте «Оқжетпес» шабуылшысы Ә.Бөлешов теке-тіресті күшейтуге тырысты.

Ал 79-шы минутта төреші «Оқжетпестің» 23 нөмірдегі футболшысы «Ертіс» командасының шабуылшысын екі қолмен тоқтатқанын анықтай алмады. Өйткені ол оны айып алаңының сыртынан бастап, айып алаңының ішіне дейін тоқтатуға бар күшін салды. Төреші пенальти белгілеп, кем дегенде сары қағаз көретуі тиіс еді.

ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаменті директоры Николай Левников