Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы (U17) 2018 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріндегі соңғы матчын ойнады

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріндегі үшінші матчында Қазақстан құрамасы Румынияға 7:1 есебімен жеңілді.

Біздің команданың жалғыз голын 25-ші минутта Әсемгүл Аруова соқты.

Еске сала кетейік, футзалдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы биыл ғана құрылып, алғашқы рет ресми матчтарда бақ сынады.

Қазақстан U17 - Румыния U17 - 1:7 (0:2)

Голдар: Әсемгүл Аруова 25 - Мелинда Наги 6, 6, 27, 36, АнаВладулеску 29, МадалинаБорош 31, ОанаНегреа 36.

Қазақстан U17: қақпашылар - Ангелина Портнова, Назым Исмаилова, алаңдаңы ойыншылар - Арайлым Орынбасарова, Анастасия Низамутдинова, Әсемгүл Аруова, Александра Бурова, Гүлмира Ташмет, Айдана Серікбай, Гүлім Қайырнас, Алина Шалмуханбетова.

Румыния U17: қақпашылар - Роксана Ротару, Жидония Саламон, алаңдағы ойыншылар - Ралука Бороди, Мадалина Борош, Ана Владулеску, Андрееа Дита, Отилия Дурла, Мадалина Маринеску, Даниела Матеш, Мелинда Наги, Оана Негреа, Космина Рошу.

04 қараша 2017 жыл. Лас-Росас қ., Испания.