«БИІК-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының жеңімпазынан жеңілді

Бүгін Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының алғашқы кездесуінде шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» өз алаңында Францияның «Лион» командасын қабылдады.

Өкінішке қарай, қазақстандық клуб атақты қарсыластарына 0:7 есебімен жеңіліп қалды. Бір аптадан кейін қарымта ойын Францияда өтеді.

«БИІК-Казыгурт» (Шымкент, Қазақстан) — «Лион» (Лион, Франция) 0:7 (0:3)

Голдар: Хегерберг 6 (0:1), Хегерберг - пенальти 19 (0:2), Абили 44 (0:3), Мажри 48 (0:4), Хегерберг 73 (0:5), Ле Сомме 75 (0:6), Хегерберг 90 (0:7)

Ескерту: Адуле 70

«БИІК-Қазығұрт»: Гребенюк, Мессомо (Даннигэн 82), Габелия, Нганди, Машкова, Мясникова, Ихезуо (Бортникова 85), Адуле (Бабшук 77), Қырғызбаева, Кравец, Корт

«Лион»: Буадди, Ренар, Баша (Каскарино 61), Кумагаи (Амрауи 64), Мажри, Ле Сомме, Марожан, Хегерберг, Бьюкенен, Бронз, Абили (Маляр 77)

Бас төреші: София Карагиорги (Кипр)

8 қараша. Шымкент. «Намыс»  стадионы.