Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U19) 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

13-ші іріктеу тобының ойындары Анталия қаласында өтеді.

Бүгін, 7 қарашада, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы ойынын өткізеді. Алғашқы қарсылас – Түркияның жас футболшылары. Ойын сағат 19:00-де басталады. 

Біздің Ұлттық құрама ойнайтын 13-ші іріктеу тобында алаң иелері Түркиямен қатар, Словакия және Уэльс командалары да бар.

Назарларыңызға жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің ойындар кестесін ұсынамыз:

7 қараша

16:30

Уэльс U19 – Словакия U19

19:00

Түркия U19 – Қазақстан U19

 

10 қараша

16:30

Словакия U19 - Қазақстан U19

19:00

Түркия U19 – Уэльс U19

 

13 қараша

18:00

Словакия U19 - Түркия U19

Қазақстан U19 - Уэльс U19