ҚФФ аймақтық инспекторларының қорытынды семинары өтті

Шара Алматы қаласында 5-8 қараша күндері ұйымдастырылды.

Семинарға Қазақстан Премьер-Лигасының төрешілері мен инспекторлары қатысты. Қатысушылар үшін жас төрешілерді оқыту әдістемесі мен олардың физикалық, психологиялық және практикалық дайындығы туралы лекциялар ұйымдастырылды. Осыған қоса жиналғандарФИФА әзірлеген тест тапсырды. 

Семинар соңында бүкілодақтық дәрежедегі төреші Владимир Толчинскийді еске алуға арналған футбол турнирі өткізілді.

2017 жылғы маусым қорытындысы бойынша үздік төрешілер де анықталды:

Премьер-Лиганың үздік төрешілері – Артем Кучин (Қарағанды), Денис Измайлов (Талдықорған), Марат Искаков (Астана);

Премьер-Лиган төрешілерінің үздік көмекшілері – Евгений Бельский (Тараз), Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Айдын Тасыбаев (Павлодар), Рустам Бейжанов (Петропавл);

Бірінші Лиганың үздік төрешілері – Рустам Омаров (Алматы), Булат Сариев (Орал);

Әйелдер арасындағы үздік төреші – Эльвира Нұрмұстафина (Теміртау).