Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде еліміздің жастар құрамасын жеңді

Ойын Талғардағы Қазақстанның ұлттық командалар базасында өтті.

Қазақстанның Ұлттық және жастар құрамасы оқу-жаттығу жиыны аясында өзара жолдастық кездесу өткізді. Айта кетейік, әр команда екі түрлі құрамамен ойнады.

Александр Бородюк шәкірттері бірінші таймда екі гол соқты. Голдың авторлары – жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан мен шабуылшы Роман Мұртазаев.

Екінші таймда «Қайраттың» тағы бір ойыншысы Бауыржан Тұрысбек үшінші голды соқты. Осыдан кейін Владимир Никитенко шәкірттері есеп айырмасын қысқартты. Жартылай қорғаушы Максим Котов дәлдігімен көзге түсті. Ал матчтың нүктесін Ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алған «Тараз» клубының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов қойды. Осылайша еліміздің басты командасы жас футболшыларымыздан 4:1 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, 11 қараша күні бұл екі команда тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы – Қазақстан жастар құрамасы – 4:1 (2:0)

Голдар: Бауыржан Исламхан, Роман Мұртазаев, Бауыржан Тұрысбек, Бактиер Зайнутдинов – Максим Котов.

Қазақстан (1-ші тайм): Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Тимур Рудосельский, Елдос Ахметов, Михаил Габышев, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Магомед Парагульгов, Роман Мұртазаев, Бауыржан Исламхан, Алексей Щеткин.

Қазақсан (2-ші тайм): Марсель Исламқұлов, Григорий Сартаков, Михаил Габышев, Тимур Рудосельский,  Еркебұлан Тұңғышбаев, Александр Соколенко, Бауыржан Исламхан, Дидар Жалмұқан, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Тұрысбек, Тоқтар Жаңғылышбай.

Қазақстан жастар құрамасы (1-ші тайм): Бекхан Шайзада, Ескендір Қыбырай, Кирилл Алексеев, Әлімбек Қасым, Елжас Сарбай, Рауан Орынбасар, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Артем Попов, Ақмаль Бахтияров, Артем Шушеначев.

Қазақстан жастар құрамасы (2-ші тайм): Игорь Трофимец, Александр Стародубов, Максим Чалкин, Руслан Әлімбаев, Айболат Макуов, Рафаиль Оспанов, Максим Котов, Ұлан Өтешев, Сүлімжан Бакиев, Едіге Оралбай, Темірлан Әміров.