Амстердамда әйелдер арасында өткен ЕУРО-2017 турнирін қорытындылады

Біздің тараптан шараға Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтпай Жамантаев пен ҚФФ Бұқаралық, әйелдер футболы мен футзал департаментінің бас маманы Шыңғыс Темірханов қатысты.

УЕФА өкілдері әйелдер арасындағы ЕУРО-2017 жарысы турнирдің жаңа стандарттарын орнатты деп баға берді. 5-7 қараша аралығында Амстердамда әйелдер футболының мамандары жиналып, биылғы Еуропа Чемпионатын техникалық және тактикалық жағынан сараптама жүргізді. Осыған қоса шарада әйелдер футболының болашағы мен даму жолдары талқыланды.

Форумға УЕФА-ға мүше 55 қауымдастықтан келген ұлттық құрамалардың бапкерлері мен мамандары қатысты. Олармен бірлесіп жұмыс істеу үшін Еуропалық футболдың сарапшылары, УЕФА-ның әйелдер футболы, даму және техникалық Комитетінің мүшелері және ФИФА мен басқа да құрлықтық конфедерациялардың өкілдері жиналды.

Форум қатысушылары биылғы Еуропа Чемпионатында командалар қорғаныста жақсы ойнағанын атап өтті. Орташа есеппен әр матчта 2,19 гол соғылған. Турнир аясында өткен барлық 31 кездесуде 68 гол соғылған.

Амстердамда футболда әйел бапкерлердің санын арттыруға бағытталған жұмыстар әлі де жалғасады деп келісілді. Еске сала кетейік, УЕФА осы мамандарды дайындау жобасын өткен жылы бастаған еді.