УЕФА Жасөспірімдер лигасының жолдамасы үшін сынға түсетін төрт команда - «Астана», «Ертіс», «Ордабасы» және «Қайрат»

15-20 қараша аралыңында «Астана Арена» стадионында футбол орталықтары мен академияларының 2000 жылғы жасөспірімдері арасында футболдан ҚР Біріншілігінің финалдық кезеңі өтеді.

1-4 орындар үшін «Астана», «Ертіс», «Ордабасы» және «Қайрат» командалары таласады. Финалдық кезеңнің жеңімпазы 2018/19 маусымдағы УЕФА Жасөспірімдер лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға мүмкіндік алады.

Өтетін жері: «Астана Арена» стадионы. Кіру тегін.

Финалдық кезеңнің күнтізбесі:

16 қараша (бейсенбі)

10:00 «Ертіс» - «Ордабасы»

12:00 «Қайрат» - «Астана»

18 қараша (сенбі)

10:00 «Ордабасы» - «Қайрат»

12:00 «Астана» - «Ертіс»

20 қараша (дүйсенбі)

10:00 «Қайрат» - «Ертіс»

12:00 «Астана» - «Ордабасы»