Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словакиямен тең түсті

Александр Кузнецовтың командасы іріктеу турниріндегі алғашқы ұпайын иеленді.

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші ойынын Словакиямен өткізді.

Кездесудің 30-минутында Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхаммед Қашкен алаңнан қуылған болатын. Александр Кузнецов шәкірттері қалған алпыс минут  бойы жасыл алаңда он футболшымен ойнап, қарсыластың шабуылына қарсы тұра алды.

Қазақстан құрамасы үшінші ойын 13 қараша күні Уэльспен өткізеді.

Словакия U19 - Қазақстан U19 - 0:0 (0:0)

Ескерту: Денис Петро 30, Доминик Гулаш 47, Владимир Майдан 50,   - Еркебұлан Сейдахмет 26,  Жан-Әлі Пайруз 74, Мәди Жақыпбаев 87.

Алаңнан қуылған ойыншы: Дінмұхамед Қашкен 30

Словакия U19: Фредерик Валах, Владимир Майдан, Самуэл Козловски, Мартин Беднар, Роберт Боженик, Йозеф Шпырка (Адам Бренкус 72), Мартин Вициан, Матей Мошко, Денис Петро, Доминик Гулаш (Матей Грешак 78), Михаль Кралевич (Марьян Хобот 86)

Қазақстан U19: Даниил Устименко, Айбар Нұрдалиев, Айдос Орал (Жан-Әлі Пайруз 68), Еркебұлан Сейдахмет, Гаврил Кан (Нұрәлі Әліп 77), Ерасыл Аманжол, Дінмұхаммед Қашкен, Мұхит Жақсылық (Санжар Батырханов 32), Сағадат Тұрсынбай, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев.

Төрешілер: Федайи Сан (Швейцария), Кармине Санджованни (Швейцария), Ибрахим Чаглар Уярджан (Түркия), Арда Кардешлер (Түркия).

10 қараша 2017 жыл. Арслан Зеки Демирджи стадионы. Анталия, Түркия.