Қазақстан Ұлттық құрамасы жастар құрамасын екінші рет жеңді

Ойын Талғардағы құрама командалар базасында өтті.

Қазақстанның Ұлттық және жастар құрамасы оқу-жаттығу жиыны барысында жолдастық кездесу өткізді. Айта кетейік, бұл екі команда бірнеше күн бұрын бір-біріемн екі құраммен ойнаған еді.

Александр Бородюк ойыншылары бірінші таймда бір гол соқты. Авторы – қорғаушы Тимур Рудосельский.

Матчтың екінші таймында Ұлттық құрама ойыншылары тағы екі гол соқты. Бұл жолы «Қайраттың» екі ойыншысы Бауыржан Тұрысбек пен Бауыржан Исламхан дәлдігімен көзге түсті. Осылайша ойын 3:0 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұл екі команда алғашқы жолдастық кездесу өткізген еді. Ол кезде де Ұлттық құрама жеңіске жетіп, ойын 4:1 есебімен аяқталған.

Қазақстан Ұлттық құрамасы – Қазақстан жастар құрамасы U21 - 3:0 (1:0)

Голдар: Тимур Рудосельский, Бауыржан Тұрысбек (пенальти), Бауыржан Исламхан;

Қазақстан (1-ші тайм): Марсель Исламкұлов, Михаил Габышев, Тимур Рудосельский, Ян Вороговский, Александр Соколенко, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Дидар Жалмұқан, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бауыржан Тұрысбек, Алексей Щеткин.

Қазақстан (2-ші тайм): Игорь Шацкий, Григорий Сартаков, Тимур Рудосельский, Михаил Габышев, Александр Соколенко, Ян Вороговский, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Тоқтар Жаңғылышбай, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бауыржан Тұрысбек.

Қазақстан жастар құрамасы (1-ші тайм): Игорь Трофимец, Александр Стародубов, Максим Чалкин Руслан Әлімбаев, Айболат Макуов, Рафаиль Оспанов, Максим Котов, Ұлан Өтешев, Сүлімжан Бакиев, Едіге Оралбай, Темірлан Әміров.

Қазақстан жастар құрамасы (2-ші тайм): Бекхан Шайзада, Ескендір Қыбырай, Кирилл Алексеев, Әлібек Қасым, Елжас Сарбай, Рауан Орынбасар, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Артем Попов, Акмаль Бахтияров, Артем Шушеначев.