Премьер-Лиганың 33-тур ойындарының нәтижесі бойынша ТҚД директоры Николай Левниковтың берген бағасы 

Қазақстан футбол федерациясы Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Николай Левников Премьер-Лиганың 32 турда болған кейбір сәттердегі төрешілік шешімдерге түсініктеме берді.

«Тараз» – «Қайсар»

Матчтың 80-ші минутында арбитр Григорий Московченко «Қайсардың» №90 ойыншысына екінші сары қағаз көрсеткені дұрыс болды. Себебі ол «Тараз» қақпашысына қарсы өте дөрекі ойнады. Бұл эпизодтың ерекшелігі, алаңнан зембілмен кетіп бара жатса да ойыншыға сары және қызыл қағаз көрсетілді. Айта кетейік, төреші барлығын ойын ережесіне сай істеді. Ережеде сары немесе қызыл қағаз алған ойыншы жарақат алып қалса, оған ескерту тек алаңда көрсетіледі деп нақты жазылған.

«Ертіс» – «Шахтер»

Матчтың 17-ші минутында «Шахтердың» айып алаңында позицияға талас барысында «Ертіс» командасының ойыншысы құлайды. Видеода «Ертістің» №11 және «Шахтердың» №19 ойыншысы допқа талас барасында бір-бірін қолмен итеріп жатқаны жақсы көрініп тұр. «Шахтер» ойыншысы қарсыласын әдейі итеріп не ұстап қалған жоқ. Ал «Ертіс» ойыншысы өтірік құлағанға ұқсады. Сол себепті бұл жерде ойынды жалғастыруға рұқсат берген төреші Айдын Рақымбаевтың шешімі дұрыс.

«Қайрат» – «Ақтөбе»

Матчтың 70-ші минуты. Төрешінің көмекшісі Александр Полуэктов «Қайрат» командасының ойыншысы Андрей Аршавиннің офсайдта қалғанын байқамай, төрешілер бригадасы «Ақтөбе» қақпасына соғылған үшінші голды есептейді. Видеода «Қайрат» клубының ойыншысы ойыннан сырт қалғандай болып көрінеді. Бірақ стоп кадрға назар салып қарасақ, «Ақтөбенің» №88 қорғаушысының аяғы мен «Қайраттың» №23 шабуылшысының иығы бір сызықта екенін байқауға болады. Сондықтан төрешінің көмекшісі бұл жерде қателесті деп бір жақты айта алмаймыз.

Кездесудің 90+6 минутында төреші Денис Тевяшов қорғаушы өз айып алаңында қолмен ойнағаны үшін «Ақтөбе» қақпасына пенальти белгілегені дұрыс шешім. Алайда төреші ереже талаптарын орындамады. Себебі пенальти белгіленгеннен кейін негізгі және қосымша уақыт аяқталды. Мұндай жағдайда екі команданың ойыншылары орталық шеңбер жаққа кетіп қалуы тиіс.

«Ордабасы» – «Оқжетпес»

Айта кететін жайт, бұл ойынға дебютант, Тараздың жас арбитры Сәкен Байымбет төрелік етті. Ол өз жұмысын жақсы атқарды. Біз оны құттықтаймыз! 

ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаменті директоры Николай Левников