Қазақстан құрамасы Уэльс футболшыларын 3:2 есебімен ұтты

Түркияның Анталия қаласында футболдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2018  жылғы Еуропа Чемпионатының он үшінші іріктеу турнирінің ойындары аяқталды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу кезеңінің соңғы кездесуін Уэльс құрамасымен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойын Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз болды. Кездесудің небәрі он бірінші минутында Уэльс футболшылары есеп ашты. Гол соққан Джеймс Спрус.

Александр Кузнецов бірінші таймда-ақ алаңға тыңнан екі футболшыл шығарды. Шабуылшы Сұлтанбек Астанов пен жартылай қорғаушы Жан-Әли Пайруз. Осы өзгерістен кейін біздің команда үзіліске дейін таразы басын теңестірді. Мергендік танытқан Мәжи Жақыпбаев еді.

Қазақстан құрамасы екінші тайм басталғаннан шабуылды азайтқан жоқ. Нәтижесінде Уэльс құрамасының ойыншысы Джеймс Спрус екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ойын басымдығын сәтті пайдалаған Александр Кузнецов шәкіттері қарсыластың қақпасыне екі гол соқты. Алдымен, Мәди Жақыпбаев дубль авторы атанды. Үшінші голды Жан-Әли Пайруз соқты.

Уэльс құрамасы кезедсудің соңына қарай есеп айырмасын қысқартты. Төреші белгілеген пенальтиді Лиам Каллем қақпаға дарытты. Ал Мәди Жақыпбаев қосымша уақытта пенальтиден мүлт кетіп, хет-трик авторы атана алмады.  Қорытыды есеп – 3:2. Қазақстан құрамасының жеңісі.

Біздің топтағы екінші ойында Словакия құрамасы Түркиядан 3:2 есебімен басым түсті. Еуропа Чемпионатының элиталық кезеңіне Словакия мен Түркия құрамалары жолдама алды. 

Қазақстан U-19 — Уэльс U-19 3:2 (1:1)
Голдар:
Спрус 11 (0:1), Жақыпбаев 45+2 (1:1), Жақыпбаев 69 (2:1), Пайруз 76 (3:1), Каллен - пенальти 82 (3:2)
Пенальтиден мүлт кеткен: Жақыпбаев 90+5
Ескерту: Астанов 38, Скворцов 43, Тұрсынбай 60, Жақыпбаев 72, Орал 80 — Спрус 15, Сесс-Дейвис 51, Левитт 80, Пжибек 90+5
Алаңнан қуылған ойыншы: Спрус 65
Қазақстан U-19: Устименко, Нұрдалиев, Батырханов, Сүйінов (Астанов 28), Орал, Кан (Совет 68), Аманжолов, Скворцов (Пайруз 45+1), Тұрсынбай, Жақыпбаев, Сағынаев
Уэльс U-19: Пжибек, Кларк, Уильямс (Муни 85), Каллен, Спрус, Левитт, Эванс (Турай 60), Сесс-Дейвис, Боденем, Барроус (Спенс 76), Купер
Бас төреші: Деян Якимовски (Македония)
13 қараша.
Арслан Зеки Демирджи стадионы, Анталия, Түркия.