Премьер-Лига мен Бірінші Лига клубтарының менеджерлері үшін семинар өтті

ҚФФ кеңсесінде өткен семинардың тақырыбы – «FIFA TMS халықаралық трансферлік бағдарламасы».

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар TMS бағдарламасының нақты жұмыс механизмі мен енгізіліп жатқан жаңашылдықтарды талқылады. Сонымен қатар, семинар аясында клубтардың TMS-менеджерлерінде пайда болған сұрақтарға жауаптар берілді.

Шараға «Атырау», «Астана», «Қайсар», «Ертіс», «Тобыл», «Шахтер», «Оқжетпес», «Шахтер-Болат», «Қызыл-Жар СК», «Жетісу» мен «Байқоңыр» кәсіби футбол клубтарының өкілдері қатысты.

- Бүгін атқарылған жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім теориялық негіздерге арналса, екінші бөлімде практикалық жұмысты талқыладық. Тестік режимде клуб өкілдеріне болашақта олар істейтін жұмыс реті көрсетілді. Айта кетейік, бұған дейін «ФИФА 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап TMS жүйесінде кәсіби ер ойыншылармен қатар, әйел футболшылардың да трансфері туралы ақпарат болады» деген шешім қабылдаған еді. Осылайша Қазақстандағы әйелдер футбол клубтары да ФИФА-ның ресми трансфер жүйесімен жұмыс істей алады, - деді ҚКФЛ атқарушы директоры әрі семинар спикері Александр Кеплин.