Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

14-қарашада өткен Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында келесі шешімдер қабылданды:

Премьер-Лига

XXXIII тур

«Тараз» - «Қайсар»

ҚФФ ТР 138-бабының 1-тармағына сәйкес «Тараз» футбол командасына – ойын алдында көрермендер пиротехникалық заттар қолданғаны үшін «200.000 (екі жүз мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

Футбол орталықтары мен академиялар, жасөспірімдер арасындағы біріншілік 

1999 ж.ж. командалар

«Қайрат» - «Атырау»

ҚФФ ТР 98-бабының сәйкес «Қайрат» футбол клубына – команданың лайықсыз ойыны (команданың 2 ойыншы алаңнан қуылғаны) үшін «30.000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.

2000 ж.ж. командалар

«Тараз» - «Алтай»

ҚФФ ТР 118-бабының сәйкес «Алтай» футбол клубының ойыншысы А.Нурановты ойынның ресми өкіліне балағат сөз айтқаны үшін 7 матчқа шеттету. Дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 21 қазанынан басталды деп анықтау.

2000 ж.ж. командалар

«Алтай» - «Қайсар»

ҚФФ ТР 98-бабының сәйкес «Қайсар» футбол клубына – команданың лайықсыз ойыны (команданың 5 ойыншысы ескерту алғаны) үшін «30.000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл» санкциясын қолдану.