Тікелей эфир: Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалдық кезеңі

Бүгін «Астана Арена» стадионында футбол орталықтары мен академиялар арасында жасөспірім командалар арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің финалдық кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңінің ойындары аяқталғаннан кейін үздік шыққан төрт команда біріншіліктің жүлдесі мен жасөспірімдер арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының жолдамасын сарапқа салады. Жүлделі орынға елордалық «Астана», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс» және шымкнеттік «Ордабасы» таласады. Жарыс ережесіне сәйкес, финалдық кезеңде 2000 жылы туған футболшылар қатысады.  

Біріншілік тікелей көрсетілімін төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Көрсетілімді жарыс қожайындары «Астана» футбол клубы мен Қазақстан футбол федерациясы ұсынады.

Жарыс кестесі:

16 қараша (Бейсенбі)

10:00-11:35 «Ертіс» - «Ордабасы»

12:00-13:35 «Қайрат» - «Астана»

18 қарашаенбі)

10:00-11:35 «Ордабасы» - «Қайрат»

12:00-13:35«Астана» -«Ертіс»

20 қараша (Дүйсенбі)

10:00-11:35 «Қайрат» – «Ертіс»

12:00-13:35 «Астана» – «Ордабасы»

Кіру тегін!