«Астана» жасөспірімдері Чемпиондар Лигасында ойнайды

Футбол орталықтары мен академиялардың жасөспірім командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің жеңімпаздары анықталды.

Еске сала кетейік, жалпы турнир қатысушылары 7 жас категориясы бойынша күш сынасты. Биылғы «Төрттік финалы» 2000 жылдан кейін туған балалар арасында өтті. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде елорданың «Астана» командасы жеңіске жетті. Олар шешуші кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» клубын 2:0 (Төлегенов, 13; Прокопенко, 63) есебімен жеңді. Турнирдің алтын жүлдесімен қатар «Астана» футболшылары жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасына жолдама ұтып алды.

Ал қола жүлделер үшін өткен матчта Алматының «Қайраты» мен Павлодардың «Ертісі» кездесті. Бұл ойында «Қайрат» 5:1 (Швырёв, 25, 52, 71, 75; Неумывакин, 47 - Мұхаметқалиев, 77) есебімен басым түсті.

-  Турнир де, финалдық шешуші матч та өте қызықты әрі тартысты өтті. Жеңімпаздың тек соңғы турда анықталуы осыны көрсетсе керек, - деді ҚФФ президенті Сейілда Байшақов. – Финалдық кездесуге тоқталсақ, екі команда да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Бірақ «Астана» клубы «Ордабасыдан» стратегия, тактика тұрғысынан басым түсті және өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. «Астана» ойыншылары турнир жеңімпазы болуға әбден лайықты. Енді олар халықаралық жарыста да жақсы нәтижемен қуантады деп үміттенеміз. Барлық матчтарға ҚФФ Құрама командалар департаментінің басшысы Ғани Қайназаров, ҚФФ Техникалық директоры Талғат Байсуфинов және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері Александр Кузнецов қатысып, зер салып бақылады. Биылғы маусымдағы құрлықтық жарыстардың аяқталуынан кейін бұл бапкер әріптестерімен бірге 19 жасқа дейінгі Қазақстан Ұлттық құрамасын жасақтауға кірісіп кетті. Енді осы өткен финалдық кезең мен жалпы турнир кезінде жиналған ақпаратты сараптап, көп жұмыс істеу керек. Қазірдің өзінде жасөспірімдеріміз арасында көптеген талантты да талапты ойыншыларды байқап жүрміз және олардың болашағынан көп үміт күтеміз. Бұл үшін Футбол орталықтары мен академиялардың басшылығы мен бапкерлеріне алғыс айтуымыз керек.

- Біз өз командамыздың ойынына ризамыз, - деді ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат берген «Астана» ФК жастар футболы бағдарламасының жетекшісі Константин Котов. – Финалдық кезеңде ойнаған барлық клубтар жақсы ойын көрсетті. Әр матчта жақсы нәтижеге қол жеткізу оңайға соқпады. Жеңімпаз команданың барлық мүшесін шын жүректен құттықтай отырып, жас футболшыларға осымен тоқтап қалмай, әлі де көп еңбек етіп, дамыса екен деген тілек айтамын.

- Жалпы бізге шеберлік жетіспей қалды, - деді ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат берген «Ордабасы-2000» ФК бапкері Сергей Когай. Өз мүмкіндіктерімізді жіберіп алдық. Бірақ мол тәжірибе жинадық. Мұндай жауапкершілі мол жарыста психологияның маңызы зор. «Астананың» ойыны мықты ұйымдасқан. Біз ойлаған жоспарларымызды қарсылас команда істетпей қойды. Бұл осы маусымдағы бірінші жеңілісіміз болғандықтан, болашаққа көп үмітпен қараймыз. Меніңше, футболшыларымыз жақсы ойын көрсетті. Әрине, шешуші кездесуде есе жібергеніміз өкінішті. Бірақ осындай мықты қарсыласпен қана өзіңнің осал тұстарыңды байқап, қай жерден қателескенімізді көруге болады.

 

Турнир статистикасы:

Астана қ. (15 – 20 қараша)

Талдықорған (15 – 20 қараша)

1 – 4 орындар үшін

5 – 8 орындар үшін

«Ордабасы» - «Ертіс» - 4:2

«Астана» - «Қайрат» - 4:2

«Ордабасы» - «Қайрат» - 2 :0

«Астана» - «Ертіс» - 5:1

«Қайрат» - «Ертіс» - 5:1

«Астана» - «Ордабасы» - 2 :0

«Алтай» - «Тобыл» - 2:0

«Ақтөбе» - «Тараз» - 1:1

«Алтай» - «Ақтөбе» - 1:0

«Тараз» - «Тобыл» - 1:0

«Тобыл» - «Ақтөбе» - 2:1

«Алтай» - «Тараз» - 1:0

 

Командалар

О

Ж

Т

Ж

Доптар

Ұ

 

Командалар

О

Ж

Т

Ж

Доптар

Ұ

«Астана»

3

3

0

0

11-3

9

 

«Алтай»

3

3

0

0

4-0

9

«Ордабасы»

3

2

0

1

6-4

6

 

«Тараз»

3

1

1

1

2-2

4

«Қайрат»

3

1

0

2

7-7

3

 

«Тобыл»

3

1

0

2

2-4

3

«Ертіс»

3

0

0

3

4-14

0

 

«Ақтөбе»

3

0

1

2

2-4

1

 

Орал қ. (15 – 20 қараша)

9 – 12 орындар үшін

13 – 16 орындар үшін

«Каспий» - «Қызыл-Жар СК» - 2 :2

«Жетісу» - «Шахтер» - 2 :1

«Каспий» - «Шахтер» - 2:1

«Қызыл-Жар СК» - «Жетісу» - 0:0

«Шахтер» - «Қызыл-Жар СК» - 3 :3

«Каспий» - «Жетісу» - 1 :1

«Қайсар» - «Атырау» - 2 :1

«Оқжетпес» - «Ақжайық» - 1 :0

«Оқжетпес» - «Атырау» - 4 :0

«Ақжайық» - «Қайсар» - 2 :1

«Ақжайық» - «Атырау» - 3 :0

«Оқжетпес» - «Қайсар» - 4 :2

 

Команды

И

В

Н

П

Мячи

О

 

Команды

И

В

Н

П

Мячи

О

«Каспий»

3

1

2

0

5-4

5

 

«Оқжетпес»

3

3

0

0

9-2

9

«Жетісу»

3

1

2

0

3-2

5

 

«Ақжайық»

3

2

0

1

5-2

6

«Қызыл-Жар СК»

3

0

3

0

5-5

3

 

«Қайсар»

3

1

0

2

5-7

3

«Шахтер»

3

0

1

2

5-7

1

 

«Атырау»

3

0

0

3

1-9

0

 

Турнир қорытындысы:

 

1. «Астана» (Астана)

2. «Ордабасы» (Шымкент)

3. «Қайрат» (Алматы)

4. «Ертіс» (Павлодар)

5. «Алтай» (Өскемен)

6. «Тараз» (Тараз)

7. «Тобыл» (Қостанай)

8. «Ақтөбе» (Ақтөбе)

9. «Каспий» (Ақтау)

10. «Жетісу» (Талдықорған)

11. «Қызыл-Жар СК» (Петропавл)

12. «Шахтер» (Қарағанды)

13. «Оқжетпес» (Көкшетау)

14. «Ақжайық» (Орал)

15. «Қайсар» (Қызылорда)

16. «Атырау» (Атырау)

 

Турнир үздіктері:

Үздік қақпашы                                     Төлепберген Қажымұқан («Ордабасы»)

Үздік қорғаушы                              Мәжит Самат («Астана»)

Үздік жартылай қорғаушы         Кеңесов Арман («Ертіс»)

Үздік шабуылшы                         Колмонбетов Аймаханбет («Ордабасы»)

Үздік ойыншы                              Прокопенко Владислав («Астана»)

Үздік бомбардир                          Швырёв Вячеслав («Қайрат») - 28 доп.