БАҚ өкілдері футбол турниріне қатысты

Алматыда Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен БАҚ арасында футболдан жарыс өтті.

Чемпионатқа телеарна мен радио, веб-сайт пен мерзімді басылым өкілдерінен жиналған он шақты команда қатысты. Тартысты өткен жарыста жеңімпаз тек соңғы турда ғана анықталды. Нәтижесінде алтын жүлделер мен Чемпиондар Кубогын 365info.kz ақпараттық-сараптамалық порталы жеңіп алды. Екінші орынға EML құрамасы тұрақтады. Бұл команданың сапында Tengrinews.kz, Vesti.kz және Massaget.kz ақпараттық порталының қызметкерлері доп тепті. Қола жүлдені «Атамекен», «31 арна», «Алматы» және «Азаттык» радиосынан» құралған команда иеленді.

Турнирдің үздік ойыншысы - Сұңқар Қарабалин (EML)

Үздік қақпашы - Мақсат Слямбеков («Алматы» телеарнасы)

Үздік бомбардир - Олжас Қызықбаев (365 info.kz)

Үздік плеймейкер - Байғайып Байтеміров («Qazaqstan» телеарнасы)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚФФ Бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев марапаттады.

- Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Футбол Федерациясы осындай турнирлерге қолдау көрсетуді жалғастырмақ. Футбол мен салауатты өмір салтын насихаттап жүргендерді әрдайым қолдауға дайынбыз, - деді турнир пресс-атташесі Еркежан Бараеваға сұхбат берген Ерлан Жамантаев.