Ардагерді еске алуға арналған турнир

Алматыда ҚР еңбегі сіңірген дене шынықтыру және спорт қайраткері Александр Гурманды еске алу турнирі өтеді.

Қазақстан Футбол Федерациясы және Алматы Футбол Федерациясының қолдауымен мемориал алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жүлделі орынды дәстүр бойынша мектеп тәрбиеленушілері сарапқа салады.

Жарыс 26 қараша күні блиц-турнир форматында өтеді. Әр тайм 12 минуттан тұрады. Биыл жасөспірімдер сайысына 2007 жылға дейінгі футболшылардан жасақталған алты команда қатысады.

- Александр Гурман отандық футбол мен оның инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосты, - деп еске алады Қазақстан Футбол Федерациясының президенті Сейілда Байшақов. - Турнир Қазақстан Ұлттық Аграрлық Университетінің стадионында өтеді. Бұл стадионның құрылысы Александр Гурманның бастамасымен салынған еді. Александр Ильич бірнеше жыл бойы Қазақстан Футбол Федерациясында еңбек етті. Ол тәуелсіздік алған жылдан бастап құрама командалардың бас менеджері қызметін атқарды.

Турнир кестесінің күнтізбесі:

 «А» тобы

09:00 «Еңбек» - СДЮШОР-2
09:30 «Еңбек» - «Жас-Қыран»
10:00 СДЮШОР-2 - «Жас-Қыран»

«Б» тобы

09:00 «Олжа-Спорт» - «Қайрат»
09:30 ФШМ - «
Қайрат»
10:00 «Олжа-Спорт» - ФШМ

Плей-офф

10:30 1 орын («А») - 2 орын («Б»)
10:30 1
орын («Б») - 2 орын («А»)
11:00 5-6
орын үшін матч

11-30 3-4 орын үшін матч
11-30 Финал