Александр Гурманды еске алуға арналған турнир аяқталды

Алматыда ҚР Еңбек сіңірген дене шынықтыру және спорт қайраткері Александр Гурманды еске алуға арналған турнирі өтті.

Жарысқа Алматының 2007 жылдан кейін туған балалардан құралған командалары қатысты. Ойындар Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеттің алаңында өтті. Дәстүрге айналған жарысқа 6 команда жиналып, блиц-турнир ұйымдастырылды. Әр матчта 12 минуттық екі тайм болды.

Жасөспірімдер арасында өткен сайыстың нәтижесінде «Олжа-Спорт» футбол клубының ойыншылары алтын жүлде жеңіп алды. Олар финалда «Қайратты» 1:0 есебімен ұтты. Қола медальдар үшін де ойын тартысты өтіп, тек пенальти сериясы арқылы ғана шешілді. Оның қорытындысы бойынша «Еңбек» командасы «Жас Қыраннан» 2:1 есебімен басым түсті.

Александр Гурманды еске алуға арналған биылғы турнир өте қызықты әрі тартысты өтті, - дейді жарыстың бас төрешісі және қазақстандық футболдың ардагері Александр Кулаков. - Сайысқа Алматының ең мықты жасөспірім командалары қатысты. Олар алаңда бар күшін салып ойнағаны қуантады. Жарысқа Сейілда Байшақов, Дмитрий Огай, Асқар Қожабергенов сияқты қазақ футболының аңызына айналған ойыншылары келіп қатысты. Бұл жастарға тек жақсы әсер етті. Бүгінгі жас буыннан зор үміт күтеміз. Турнир барысында ардақты ардагерлеріміз футболшыларға ақыл айтып, сұрақтарына жауап беріп, кеңес берді.

Матч нәтижелері:

А тобы

«Еңбек» - СДЮШОР-2 - 0:0

«Еңбек» - «Жас Қыран» - 0:1

СДЮШОР-2 - «Жас Қыран» - 0:1

Б тобы

«Олжа-Спорт» - «Қайрат» - 1:0

ФШМ - «Қайрат» - 0:1

«Олжа-Спорт» - ФШМ- 2:1

Плей-офф

«Қайрат» - «Жас Қыран» - 1:0

«Олжа-Спорт» - «Еңбек» - 1:0

5-6 орын үшін ойын

СДЮШОР № 2 - ФШМ - 0:3

3-4 орын үшін ойын

«Еңбек» - «Жас Қыран» - 2:1 (пенальти бойынша, негізгі уақыт- 0:0)

Финал

«Қайрат» - «Олжа-Спорт» - 0:1

Жеке марапатқа ие болғандар:

Үздік қақпашы - Дамиль Асымжан, ФШМ

Үздік қорғаушы - Тарлан Ерболатов, «Жас Қыран»

Үздікжартылай қорғаушы - Әлмансұр Саматов, «Еңбек»

Үздік шабуылшы - Амир Федунец, «Олжа-Спорт»

Турнирдің үздік ойыншысы - Ибрахим Болатұлы, «Қайрат»

Көрермендер көзайымы: Амир Хаким, «Олжа Спорт» және Нұрәлі Тасмағамбетов, «Жас Қыран».