Қазақстан әйелдер құрамасы Англиядан ұтылды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы маусымның соңғы матчын ойнады.

Соңғы ойында еліміздің құрамасы Ұлыбританияның Эссекс графтығында алаң иелері Англия құрамасымен кездесті. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матч Колчестер қаласында өтті. Топ көшбасшылары Англия командасы Қазақстан құрамасын 5:0 есебімен жеңді. Осылайша қыздарымыз үшін биылғы маусым аяқталды. Енді іріктеу кезеңінің келесі кездесулері 2018 жылдың көктемінде болады.

ӘЧ-2019. Әйелдер. Іріктеу кезеңі. 1 топ

Англия - Қазақстан - 5:0 (1:0)

Голдар: Лоули, 15; Кирби, 64, пенальти; Пэррис, 69, 75; Кристиансен, 76.

Ескерту: Гайстенова, 45; Бабшук, 64.

Англия: Бардсли, Бронз (Картер, 77), Гринвуд, Уильямс (Кристиансен, 63), Хаутон, Боннер, Д. Скотт, Тейлор (Кирби, 63), Уолш, Лоули, Пэррис.

Қазақстан: Железняк (Сандалова, 46), Гайстенова (Власова, 69), Нұрышева, Ходжашева, Қырғызбаева, Красюкова, Вылданова, Кәрібаева (Тұрлыбекова, 81), Бортникова, Бабшук, Жұмабайқызы.

Төрешілер: Отт, Врис, Пьерар (барлығы - Бельгия)

28.11.2017. Колчестер. «Коммьюнити» стадионы.

 

ӘЧ-2019. Әйелдер. Іріктеу кезеңі. 1 топ. Қазақстан құрамасының қалған ойындары

09.04.2018  Қазақстан - Ресей

12.06.2018  Боснияжәне Герцеговина - Қазақстан

30.08.2018  Ресей - Қазақстан

04.09.2018  Қазақстан- Англия

Фото: www.mirror.co.uk (PA)