Бас бапкердің мерейтойы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк 55 жасқа толды.

Александр Бородюк КСРО құрамасы мен Мәскеудің «Динамо» клубының ардагері, Олимпиада чемпионы, Кеңес Одағының Еңбек сіңірген спорт шебері, Ресей құрамасының капитаны әрі РФ Еңбек сіңірген бапкері, КСРО Кубогы мен Қазақстан Республикасының Суперкубок иегері. Бұл оның марапаттарының бір парасы ғана.

Жанкүйерлер мен кәсіби мамандардың құрметіне иә болған Александр Бородюк КСРО құрамасының шабуылшысы ретінде көп гол соғып, көпті таң қалдырған.

Өз елінде ғана емес, шетелде де құрметке ие мэтр туған күнін Әлем чемпионатының финалдық кезеңіндегі жеребе тарту рәсімі кезінде тойлап жатыр. Мәскеуде өтетін ресми шараға Александр Бородюк Қазақстан Футбол Федерациясының делегациясы қатарында аттанды.

Ресей астанасында өтетін жеребе тарту шарасына жиналған ФИФА-ға кіретін Ұлттық футбол федерацияларының өкілдері ФИФА және Ресей Футбол Кеңесінің басшылығымен кездесті. Шара барысында ФИФА президенті Джании Инфантино мен Ресей Футбол Кеңесінің президенті Виталий Мутко Александр Бородюкті құттықтап, мерейтой иегеріне тілек жазылып, қолтаңбасы бар Әлем чемпионатының добына сыйға тартты.

Кезінде қарсылас қақпасына голдарды қарша боратқан нағыз шебердің ойынын еске түсіріп, туған күн иесінің талантына тағы бір тәнті болғыңыз келсе, келесі сілметемелер сіз үшін:

ВИДЕО

ВИДЕО