Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Футбол Федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Давид Лория отандастарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Сейілда Байшақов, Қазақстан Футбол Федерациясының президенті

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні әр қазақстандық үшін ерекше мереке. Еліміздің Тәуелсіздігі Ұлт көшбасшысының сарабдал саясаты мен стартегиялық таланты арқасында жүзеге асқанын зор мақтанышпен айтамын.

Халқымыз Елбасының бейбітшілік пен татулыққа бағытталған саясатын, бастамалары және реформаларын толық қолдайды. Еліміздің абыройын асқақтатып, беделін арттырған экономикалық тұрақтылық пен даму тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты. 

Елбасымыздың бастамасымен пайда болған жаңа астанамыз ұлттық мақтанышмызға айналды. Астана өзінің әсемдігімен шетелдің ірі қалаларынан еш кем емес, әрі күн сайын көркейіп келеді. Ал мемлекет басшысының қолдауымен бой көтерген «Астана Арена» стадионы футбол додаларын өткізуге арналған ең ыңғайлы спорт кешендерінің бірі болып танылды.

Елбасының қолдауы арқасында отандық спортшылар жарқын жеңістерге жетіп, тұрақты нәтижелер көрсетіп жатыр. Қазақстан Футбол Федерациясының құрметті президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев уақытылы әрі тиімді шешімдер қабылдады. Мысалы, елімізде тек стадиондардың жағдайы жақсарып қоймай, оқу-жаттығу базаларының инфрақұрылымы да түзелді. Осының барлығы отандық футболшылардың шеберлігі шыңдалып, жас ойыншылардың пайда болуына жағдай жасады. 

Деніңіз сау болсын, бар игі жақсылықты тілеймін!

Давид Лория, футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашысы

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні еліміз маңызды мемлекеттік мерекені тойлауда. Ұлт көшбасшысы халқына әрдайым жақын. Оның қамқорлығы мен қолдауы арқасында қазақстандықтар қиыншылықтарға мойымай, алға жылжып, болашағына зор сеніммен қарайды.

Кәсіби футболшы және Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны ретінде айтарым, Елбасының қолдауымен Қазақстан Футбол Федерациясы УЕФА қауымдастығына қосылды. Осының арқасында еліміздің ұлттық және клубтық командаларың дамуына көптеген жолдар ашылды, ал жергілікті жанкүйерлер әлемдік деңгейдегі футболшылардың ойынын көруге мүмкіндік алды.

Мемлекеттің дамуы дені сау ұлттқа негізделеді. Қазақстан президентінің бастамалары салауатты өмір салты мен спортты насихаттауға бағытталған. Әлемдік деңгейдегі стадиондардың бой көтеруі, елімізді ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирлер соның айқын дәлелі.

Тек жақсылық, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!