Павлодар облысындағы мектептерде футбол сабақтары оқу бағдарламасына енді

2017 жылдың 30 қазан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі № 550 «Орта мектептердегі 1-4 сынып оқушылары үшін дене шынықтырудың әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» өткізу туралы» ҚР БжҒ министрлігінің 2017 жылдың 14 тамыз күнгі №405 жарлығына қосымша енгізу туралы» жарлық шығарды. Оған сәйкес бұл пилоттық жобаға Павлодар облысының 27 мектебі қатысады.

- Биылғы жылдың 6 қарашасынан бастап аймақтағы орта мектептердің бастауыш сыныптарында футбол сабақтары өтеді, - дейді ҚФФ Балалар және жасөспірімдер футбол департаментінің басшысы Сергей Кенетаев. - Павлодар облысының дене шынықтырудан аймақтық оқу-тәжірибелік орталығы, Қазақстан Футбол Федерациясының өкілдері және дене шынықтырудан Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы бірлесіп ЖОМ №1, ЖОМ №7, ЖОМ №2 (Павлодар қ.), ЖОМ №8, ЖОМ №2 (Аксу қ.), ЖОМ №10, ЖОМ №17 (Екібастұз қ.) шеберлік сабақтарын өткізді. Шара аясында дене шынықтыру мұғалімдеріне жас футболшыларды дайындауға бағытталған теориялық және пратикалық сабақтарды ұйымдастыруда методикалық көмек көрсетілді.