ҚФФ Техникалық орталығы бапкерлік лицензияны қайта растау бойынша семинарға шақырады

Алматыда УЕФА мен ҚФФ лицензияларын қайта растау бойынша семинар өтеді.

Қазақстан Футбол Федерациясының (ҚФФ) Футбол бапкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы жыл сайынғы УЕФА-ның В, А, Pro және ҚФФ ұлттық лицензияларын («Физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы» (ары қарай – «Fitness») қайта растау бойыншаоқыту семинарын өткізетіні туралы жариялайды. Шара 2017 жылдың 20 және 21 желтоқсан күндері Алматы қаласында өтеді. Семинарға келесі құжаттарды жібергендер қатысады:

Үміткердің бапкерлік жұмыс орны, қызметі және уақыты көрсетілген түйіндемесі;

Түрлі-түсті 3х4 фото;

Жеке төл құжатының скандалған нұсқасы;

Бұған дейінгі лицензияның сканерленген нұсқасы;

Қайта растау үшін төленген квитанция, төлем туралы ескертпеге өзіңіз туралы мәліметтер көрсетіңіз.

Егер диплом мен лицензияны ҚФФ бермей, УЕФА құрамына кіретін басқа футбол федерациясы берсе, онда лицензияны ҚФФ Техникалық орталығында қайта растау үшін сол федерациясының рұқсаты керек. Бланкты Техникалық орталықтың қызметкерлерінен techcentre@kff.kz поштасы арқылы алуға болады.

Семинар тыңдаушыларының тобына кіру үшін көрсетілген барлық құжаттар мен төлем туралы квитанцияны Техникалық орталықтың techcentre@kff.kz поштасына 2017 жылдың 14-желтоқсанына дейін жіберу керек.

Үміткер Техникалық орталықтың директоры атына жазылған жеке өтінішті семинарға келген кезде де толтырса болады.

Семинардың бағдарламасы, өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат ҚФФ веб-сайтында барлық өтініштер қабылданғаннан кейін (2017 жылдың 15-желтоқсаны) жарияланады.

Оқу бағасы:

Pro категориясының лицензиясы - 80 000 теңге

«А» категориясыныңлицензиясы- 60 000 теңге

«В» және «Fitness» категориясының лицензиясы - 50 000 теңге.

Төлем бойынша реквизиттер үміткердің сұрауы бойынша Техникалық орталықтың techcentre@kff.kz поштасына жіберіледі.