Николай Левников: «Төрешілерге қысым көрсетуге ешкімнің хақы жоқ…»

Қазақстандық төрешілер корпусының басшысы ақпараттық порталдық тілшісімен әңгімелесті.

Сарапшылар Қазақстан Футбол Федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті директоры қызметіне посткеңестік кеңістікте ғана емес, әлемдік деңгейдегі беделді ресейлік маман Николай Левников қайта оралуын  отандық арбитрлардың біліктілігінің тұрақты түрде жоғарылауына берілетін кепілдік деп бағалайды. Отандық төрешілер корпусының басшысы www.nur.kz ақпараттық порталының тілшісімен сұхбатында біздің елдегі футболдың даму бағыты, кәсіби төрешілерді даярлау және бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді.

- Қазақстандық командалар ішкі біріншілікті аяқтады. Төрешілер үшін маусым қалай өтті?

Н.Л.: Маусым қызықты өтті. Жылдың басында жылдам шешімді қажет ететін көптеген сұрақтар болды. Әсіресе, арбитрлардың қызметіне реттейтін УЕФА төрешілер конвенциясының тармақтарына сәйкес құжаттардың бөлімдерін меңгеру және бекітуге қатысты еді. Футболдағы ойын ережесі, әлдебр ойын ережесінің бұзылуы немесе күрделі шешімдерді анықтау мен түсіндіру кеңестері қайта-қайта өзгеріп тұрады. Төрешілердің әрдайым нұсқамаға мұқтаж екені белгілі. Сол себепті біз бірнеше рет пікір алмастық. Нәтижесі де бар. Барлығымыз бірге отырып бірнеше бейнематериалдарды қайта қарап шықтық. Төрелік ету қызметінің сапасына ұдайы сараптама жасадық. Төрешілерімен тұрақты байланысты жөнге салдық. Бірте-бірте еңбегіміз өз жемісін бере бастады. Қазақстандық төрешілер УЕФА және ФИФА-ның жаңа нұсқаулары ойында қазылық етеді.

- Төрешілер үшін маусымдағы ең қиын матч қандай болды?

Н.Л.: Ешқашан оңай ойын болмайтыны анық. Мысалға алсақ, алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» арасындағы кездесулер әрқашан ымырасыз. Жауапкершілік деңгейінің биіктігі және өзекті шешімдердің саны бойынша осы ойындар қиынға түсті. Еуропа Лигасының жолдамасы тартысқа түскен ойындардың біреуін еске түсіруге болады. Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында қарағандылық «Шахтёр» ұжымын қабылдады. «Қайрат» және «Атырау» командалары жолыққан Қазақстан Кубогының финалы да ауыр болды. Кубок ойындары үнемі қай жағынан шығарын білмейсің. Әсіресе, финалдық кездесулер. Осы ойындарды қадағалап отырғанда төрешілер үшін мазасызданғанымды мойындаймын.

- Қазақстан Кубогының финалынан кейін «Қайрат» футбол клубының бас бапкері испаниялық Карлос Алос Феррер өз командасына төрешілердің  ерекше қарайтынын мәлімдеді. Бұл жерде қандай мәселені меңзеп отыр?

Н.Л.: «Қайрат» клубының жаттықтырушысын барлығы кәсіби маман ретінде құрметтейді. Оның әлдебір мәселені нақты қозғамағаны белгілі. Менің айтарым әр адам өзіне жүктелген істі атқаруы тиіс. Бапкерлердің міндеті оқ-жаттығу процесі ғана емес, футболшылардың тәлім-тәрбиесіне де қатысты. Футболшылардың қылығы спорт этикасының қағидасына сай болуы шарт. Қазақстан Кубогының финалдық матчында қызмет атқарған бас төреші Артём Кучин мінсіз еңбек етті деп санаймын. Оның төрелігі еуропалық деңгейге сай болды. Ол футболшылардың шеберлігін көрсетуге кедергі келтірген жоқ. Бапкердің ашу кернеген әрекеті біздің елде ерсі саналатын қылығы үшін «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоуға көрсетілген қызыл қағазға байланысты шығар. Гоудың ойынға қатыспағаны бұл жерде маңызды емес. Футболшының ерсі қылығы жарыстың техникалық аймағында болды. Мұндай жағдайда төрешілер тобы талапқа сай әрекет етуі тиіс. Артём Кучин ойын ережесіне сәйкес қатал әрі дұрыс шешім қабылдады. Матч соңынан кейін Карлос Алос Феррер айтқан мәлімдеме жаттықтырушылардың еңбегіне үлес қосады деп айта алмаймын. Осыған байланысты Австралия және басқа да елдердегі тәжірибені енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол жақта қызыл және сары қағаз тек ойыншыларға ғана емес, техникалық аймақтағы ресми тұлғаларға да көрсетіледі. Команданың бас бапкерлері мен көмекшілері техникалық аймақтан шығып, төрешілердің жұмысына араласып жататынын жиі көреміз. Ешкімнің олардың жұмысына араласуға хақы жоқ.

- Келесі маусымда бапкерлерге сары және қызыл қағаздар көрсетілуі мүмкін бе?

Н.Л.: Бұл сұрақты Қазақстан Футбол Федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой Футбол Лигасының басшылары талқылауда. Осы ұсынысты көтеремін. Өйткені, кей жағдайда жаттықтырушылар төрешілерге қысым көрсетіп жатады.  

- Премьер-Лига мен Қазақстан Кубогының әр ойынынан соң төрешілердің жұмысына мұқият баға бересіз. Бұл төрешілер корпусының жұмысына қаншалықты әсер етті? Осындай талдау жұмыстары қазақ футболындағы басты жаңалықтардың бірі деп атауға бола ма?

Н.Л.: Соңғы жылдары қазақстандық баспасөзде жазылған тақырыптық материалдарды сараптай отырып, басшылықпен бірге бұл мәселеде ашық пікір білдіру өз пайдасын тигізеді деген қорытындыға келдік. Ешнәрсені жасырмай айттық. Барлық өзекті сұрақтар жанкүйерлердің алдында талқыланады. Менің талдауымды жанкүйерлер мен жаттықтырушылар оқитынын білемін. Алайда, оларды бәрі менің көзқарасыма келіспеуі мүмкін. Бірақ, мен мәлімдемені әділ жасауға тырыстым. УЕФА Төрешілер комитеті ұсынған кеңестер мен ойын ережесіне сәйкес шешімді қабылдаймын.