Мектеп лигасының алғашқы кезеңі

Оңтүстік Қазақстан облысында қыздар арасындағы Мектеп лигасының алғашқы кезеңі өтті.

Қазақстан Футбол Федерациясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған бұл турнир қыздарға арналған ең бұқаралық жарыс ретінде танылды. Сайысқа 10-12 жастағы 7 мыңға жуық мектеп оқушы қыздары қатысты. Мұндай нәтижені ұлттық рекорд деп санауға болады.

Сайыстың алғашқы кезеңіне Шымкент қаласы мен ОҚО-ның барлық 14 ауданынан 484 мектеп командасы жиналды. Аудандық іріктеу турнирі 4-25 қараша күндері өтті. Осылайша лиганың финалдық кезеңіне аудандардың 14 үздік командасы шықты. 

ОҚО. Қыздар арасындағы Мектеп лигасы. Аудандық жарыстардың жеңімпаздары

В. Коморов атындағы № 8 орта мектеп- Арыс ауданы

Айша-бибі атындағы орта мектеп – Сайрам ауданы

Бабыр атындағы № 7 орта мектеп – Төле би ауданы

Манкент атындағы № 11 орта мектеп – Шардара ауданы

Ұлықбек атындағы № 81 орта мектеп – Түркістан қаласы

Кентау қаласының № 101 орта мектебі

Хамза атындағы № 3 орта мектеп – Түлкібас ауданы

Қайнарбұлақ атындағы № 89 орта мектеп – Мақтаарал ауданы

Д. Нүрпейісова атындағы № 116 орта мектеп – Отырар ауданы

А. Назарбеков атындағы № 87 орта мектеп – Бәйдібек ауданы

Сарыағаш ауданының № 90 орта мектебі

Қазығұрт ауданының № 88 орта мектебі

Абылай хан атындағы № 93 орта мектебі – Ордабасы ауданы

А. Пушкин атындағы № 1 гимназия – Созақ ауданы.

Шешуші кезеңде осы аудан чемпиондарына Шымкент қаласының екі үздік командасы қосылады. 10 желтоқсанда аяқталатын Шымкенттегі іріктеу турниріне қаланың 64 мектебі қатысып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Мектеп лигасының финалдық кезеңі 2018 жылдың 10-15 сәуірінде өтеді.

- ФИФА, УЕФА және ҚФФ бастамасымен қыздар футболын насихаттап, танымал қылуға бағытталған спорт шараларын сөзбен емес, іспен қолдағымыз келеді, - дейді қыздар арасындағы ОҚО Мектеп лигасының басшысы Жандос Сарманов. - Осылайша ОҚО-да қыздар арасында Мектеп лигасын ұйымдастыру идеясы келді. Біздің қыздар футболды қатты жақсы көреді. Олар бұл турнирге қуана қатысып жатыр. Қазақстан Футбол Федерациясы мен ОҚО әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасына ерекше алғыс айтқым келеді. Олар бұл жобаны қолдап, ұйымдастыруға байланысты көптеген мәселелерді шешуге көмектесті. Балаларды көшеден аулақ ұстап, спорт пен салауатты өмір салтына бағыттайтын осындай жобаны Қазақстанның басқа аудандары мен облыстары да қолдайды деген сенімдемін. Біз өз тәжірибемізбен бөлісіп, республикалық деңгейде өткізуге барынша көмектесуге әзірміз.

- Әзірге біздің кәсіби футболда ойнап жатқан қыздарымыз өте аз, сондықтан да командамыз халықаралық деңгейде бар мүмкіндігінше нәтиже көрсетуде, - дейді Бұқаралық және әйелдер футболы мен футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев. - Оған елімізді әйелдер футболының насихаты аз болғаны да әсер етті. Біздің ортақ жұмысымыз арқылы бұл уақыттар артта қалғаны да қуантады. Енді кәсіби футболға көптеген қыздарымыз назар аударып, олар жаттыға бастайды деген үміттеміз.