УЕФА штаб-пәтерінде Introduction Day семинары өтті

Дәстүрлі форумға УЕФА-ға кіретін ұлттық футбол федерацияларының лицензиялау департаменттерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан атынан ҚФФ Лицензиялау (сертификаттау) және аттестациялау департаментінің басшысы Ержан Мұсабеков пен департамент сарапшылары Әсет Базеков пен Ыбырай Түгелбаев барды.

УЕФА Лицензиялау бөлімінің басшысы Алеш Заврл жаңашылдықтармен бөлісіп, еуропалық кәсіби футбол клубтарындағы лицензиялау тақырыбы мен ең маңызды аспектілеріне тоқталды.

Семинар барысында лицензиялаудың қаржылық жағдай, оны қамтамасыз ету және сапа стандарттары, қаржылық Fair Play, сәйкестік жобасы және УЕФА Бенчмаркингі сияқты өлшемдері туралы айтылды.

- Футбол клубтарындағы қаржылық жағдайдың өлшемдері екі құрамнан тұрады: зиянсыздық және мерзімі өткен берешектің болмауы, - дейді ҚФФ Лицензиялау (сертификаттау) және аттестациялау департаментінің директоры Ержан Мұсабеков. Зиянсыздық өлшемі деген кіріс пен шығыс тепе-теңдігі. Бұл деген клубта табысынан шығысы көп болмайды деген сөз. Бюджет жетістеушілігі белгілі бір соммадан аспау керек. Осыған қоса еуропалық командаларда әлеуметтік және салық органдарында мерзімі өткен қарыз болмауы қажет. Сонымен қатар, семинарда есеп беру мерзімдері, лицензиялаудың негізгі тәртіптері және қаржылық Fair Play туралы да айтылды. Семинарда таныстырылған сәйкестік жобасы бойынша, УЕФА-ға мүше қауымдастықтар клубтарды лицензиялаудың барлық қызметтерін халықаралық ресми бекітілген стандарт сапасы бойынша өткізуі керек. Қаржылық Fair Play тоқталсақ, еуропалық клубтық футболдың экономикалық тұрақтылығын арттырудың ең маңызды сұрақтары қаралды. УЕФА Лицензиялау бөлімінің басшысы Алеш Заврл келесі жылы клубтарды лицензиялаудың жаңартылған ережелері күшке енетінін ескертті. Осыған қоса кейбір пайда болатын жаңашылдықтар туралы да айтты. Бұдан басқа, семинар бағдарламасы аясында отандық футбол клубтарын лицензиялау жұмыстары таныстырылды. Алеш Заврл Қазақстан Футбол Федерациясы осы бағытта жүргізіп отырған жұмысына жоғары баға берді.