Алматыда қоғам қайраткері және қазақстандық футболдың ардагері Олег Печеникті еске алуға арналған турнир өтті

Жарысқа 2005 жылдан кейін туған балалар қатысты. Шеберліктері сынға түскен футзал бәсекесі «Бағанашыл» спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысуға ниет білдірген Алматының 8 командасы «А» және «В» топтарына бөлініп, бақ сынады. Алғашқы кезеңнен кейін әр топтың үздік екі командасы финалдық кезеңнін ойындарына жолдама алды.

Бірінші жартылай финалда «Алаш» командасының жасөспірімдері «Еңбек» футзалшыларын 1:0 есебімен жеңді. Екінші жартылай финалда «Қайрат» пен «Арыстан» кездесіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Тартысты кездесудің тағдыры пенальти сериясы арқылы шешілді. Оның қорытынды бойынша «Қайрат» 4:2 есебімен басым түсті. Финалдық матч та өте қызықты әрі тартысты өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Бұл жолы да пенальтилер соғылып, жеңіс 2:0 есебімен жеңіске жеткен «Алаш» еншісінде кетті. Ал «Арыстанды» 1:0 есебімен ұтқан «Еңбек» қола жүлделерге қол жеткізді. Жеңімпаздарға жарыс жүлделерін Қазақстан Футбол Федерациясының президенті Сейілда Байшақов, Олег Печениктің туған-туыстары мен қазақстандық спорттың ардагерлері табыстады.

- Олег кезінде кәсіби футболмен айналысып, КСРО чемпионаты сияқты көптеген жарыстарға қатысқан еді, - дейді Олег Печениктің анасы Галина Печеник. - Университетте оқып жүргенде Алматының Орталық стадионының директоры болғысы келетінін армандайтын. Уақыт көрсеткендей арман-мақсаттар орындалады. Ол рекордтар орнатылып, талай спортшының жеңісіне куә болған аренаны дамытып, жақсы өзгерістер енгізе алды. Қалалық мәслихаттың депутаты болған кезінде Олег қайырымдылықпен айналасуды еш ұмытқан емес.

- Олег Печениктің мемориалы оның әріптестері, туған-туыстары және достары бастауымен қатарынан екінші жыл өтуде, - дейді турнирді ұйымдастырушы комитеттің басшысы, генерал-майор Павел Новиков. - Олегтің жан-жақты қызметі мен керемет жетістіктері жас ұрпаққа үлгі бола алады. Кезінде Алматы қаласының Орталық стадионы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінің құзіретіне кіретін. Дәл сол уақытта Олег Печеник республикалық деңгейдегі спорт кешенінің директоры ретінде қалыптасты. Уақыт біздің таңдау дұрыс болғанын көрсетті. Кейде әлдебір объектіні басқаратын шенеунік өзі үшін пайда тапқысы келеді. Олег мұндайдан мүлдем жат еді. Керісінше, Олег арена құрылысына өз қаражатын салған кездер де болды. Стадионның кең ауқымды жаңартылуы, жылытылатын алаңның және халықаралық стандартқа сәйкес газонның пайда болуы, заманауи жүгіру жолақтары мен батыс трибунадағы көрермендер шатырының жасалуы осы Олег Печениктің жемісті жұмысымен байланысты.

- Мен Олег Печеникпен Қазақ Дене шынықтыру институтының «СКИФ» және КСРО-ның Екінші Лигасында ойнаған «Целинник» командаларында бірге ойнадым, - дейді Қазақстан Футбол Федерациясының Спорт директоры Игорь Утробин. - Ол шабуылда ойнағанды жақсы көретін. Оның шеберлігі керемет еді, болашағынан көп үміт күттірді. Ал ол басқа еңбек жолын таңдағанда мен кішкене өкініп те қалдым. Бірақ өмір көрсеткендей талантты адам кез келген жерде өзін көрсете алады. Алматының «Орталық стадионы» директоры болған Олег Печеник өз орнын тапты. Отандық ойыншылар мен бапкерлер Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы ресми матчтарына алматылық стадион қайта жасалып біте ме, бітпей ме деп қатты алаңдағаны есімде. Сол кезде Олег пен оның әріптестері күн, түн демей жұмыс істеді. Соңында Олег Печениктің командасы УЕФА талаптарын толықтай орындап шықты. Жігіттер және бірінші кезекте Олег өз біліктілігін көрсетіп, спорт кешенін қайта жаңартты. Кейін бұл стадионда Қазақстан УЕФА құрамына кіріп, алғашқы матчтарын ойнап, талай тарихи ойындарын өткізеді.

Матч нәтижелері

Бастапқы кезең

«А» тобы

«Алаш» - «Локомотив-Юниор» - 2:0

«Арыстан» - «АИФА» - 2:0

«Алаш» - «АИФА» - 7:1

«Локомотив-Юниор» - «Арыстан» - 1:0

«Алаш» - «Арыстан» - 1:3

«Локомотив-Юниор» - «АИФА» - 2:0

«Б» тобы

«Қайрат» - «Еңбек» - 0:0

«ЦСКА-Бағанашыл» - ФШМ – 0:1

«Қайрат» - ФШМ 3:1

«Еңбек» - «ЦСКА-Бағанашыл» - 2:1

«Қайрат» - «ЦСКА-Бағанашыл» - 2:1

«Еңбек» - ФШМ – 2:1

Жартылай финалдар

«Алаш» - «Еңбек» - 1:0

«Қайрат» - «Арыстан» - 1:1 (пенальти 4:2)

Финал 

«Қайрат» - «Алаш» 2:2 (пенальти 0:2)

Фото: Prosports.kz