Техникалық орталықтың емтиханы

Қатысушылар В, A және Fitness категориясындағы кәсіби бапкерлік лицензияны алуға үмітті.

Емтиханды сәтті тапсырған отандық мамандар жоғарыда айтылған категорияларды иеленеді. Барлық үміткерлермен Қазақстан Футбол Федерациясының президенті Сейілда Байшақов кездесті. Ол ҚФФ Техникалық директоры Бауыржан Досқараевпен бірге емтихан алатын комиссия құрамын және емтихан ережелерін таныстырды.

- Биыл УЕФА және ҚФФ білім беру категориялары бойынша тыңдармандар саны 120 адамға тең, - деп мәлімдеді ҚФФ Техникалық орталығының директоры Бауыржан Досқараев. - Бұл емтиханға Техникалық орталықта 9-12 ай аралығында оқып, финалдық аттестацияның барлық талаптарын орындап шыққан және бұрыннан жұмыс істейтін бапкерлер қатысып жатыр. Айта кетейік, УЕФА лицензиясын алатын бапкерлер УЕФА-ға кіретін кез келген мемлекетті жұмыс істей алады. Қазақстан Футбол Федерациясы УЕФА Бапкерлер Конвенциясына қол қойған, сондықтан бұл ұйымның толыққанды мүшесі. ҚФФ ұсынатын бапкерлік лицензиялар УЕФА-ға кіретін кез келген федерацияның (мысалы Англия, Германия, Италия) беретін лицензиясымен пара-пар.

Кезекті рет В, А, Pro, B-Futsal, A-Goalkeeper және A-elite категориясындағы бапкерлік лицензияларға үміткерлерді іріктеу 2018 жылдың қаңтарынан басталады. Оқуға өтініш қалдыру үшін ҚФФ Техникалық орталықтың ресми электронды поштасына (techcentre@kff.kz) сауал жіберуге болады. Оқу бағдарламасына қатысты қосымша ақпарат, оның бағасы мен оқытушылар құрамы туралы мәліметтерді Қазақстан Футбол Федерациясының веб-сайтындағы (www.kff.kz) «Техникалық орталық» айдарынан алдағы уақытта таба аласыздар.