Астанада Қазақстан Футбол Федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті

Шара барысында Атқарушы комитеттің мүшелері бірнеше шешімдер қабылдады.

Олар:

ҚФФ-ның жаңа логотипі (тауар белгісі) бекітіліп, брендбугы жасалды.

2018 жылы балалар және жасөспірімдер футболы бойынша ҚФФ жарыстарын өткізу туралы Ереже бекітілді.

2017 жылы өткен жарыстардың қорытындысы бекітілді.

2018 жылғы маусымның алғашқы трансферлік кезеңінің уақыты бекітілді.

Жаңа редакциядағы Тәртіптік регламент бекітілді.

Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының хатын негізге ала отырып, 2018 жылғы маусымда ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік» футбол клуб-академиясы» МКҚК-ын Екінші Лига командалары сапына қосу және «Екібастұз» футбол клубын Бірінші Лига командалары қатарында қалдыру туралы шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселелер шешілгеннен кейін Атқарушы комитеттің мүшелері қазақстандық футболдың дамуы туралы ойларын ортаға салды.