Қазақстан Футбол Федерациясына ҚР ҰОК-тың жаңартылған сертификаты табысталды

Жаңа үлгідегі сертификат сән-салтанатпен марапатталды. Шараға Қазақстан Футбол Федерациясының атынан ҚФФ Заң департаменті директорының орынбасары Жанар Ахметова қатысты. Сертификатты ҚР ҰОК бас директоры Серік Қасқабасов табыстады.

Берілген сертификат Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті тарапынан ҚФФ-ға көрсетілген зор құрмет. Енді Қазақстан Футбол Федерациясы ҚР ҰОК-та профильді жазғы олимпиадалық спорт түрін ұсынуды заңды түрде жалғастырады. Осылайша біздің елде футболды дамытумен нақты әрі ұзақ уақытқа айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» Заңына сәйкес ҚР ҰОК-тың жаңартылған сертификаты бар федерация ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде салалық тіркеуден өтеді. Бұл федерацияға Қазақстан Республикасының территориясында осы спорт түрін заңды түрде дамытуға ресми құқық береді.