Қазақстанға УЕФА комиссиясы келіп кетті

УЕФА өкілдері қазақстандық бапкерлер корпусын оқыту жұмыстарына баға берді.

Еуропалық Футбол Қауымдастығы Одағының комиссиясы Қазақстанда болып қайтты. Комиссия құрамында УЕФА Білім беру бөлімінің басшысы Фрэнк Людольф, JIRA УЕФА білім беру бөлімінің мүшесі Геннадий Скуртула болды. Елімізге келген УЕФА өкілдері Қазақстан Футбол Федерациясының Футбол бапкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында (ФББАО) барды.

Шетелден келген комиссия ФББАО жүргізіп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Ендігі кезекте бар күшті ҚФФ Футбол бапкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының жұмысын одан сайын дамытуға салу керек екені айтылды. Ол үшін УЕФА бірлесе жұмыс істеп, қолдау көрсетеді.