Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына дайындықты бастады

2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі күзде басталады. Уақыт көп өткізгісі келмейтін жастар жаттығулар мен жолдастық кездесулер ойнауды бастап кетті. 20-27 желтоқсан күні 17 жасқа дейінгі футболшыларымыз алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Ендігі кезек 19 жасқа дейінгі құрамаға келді.

- Әдеттегідей, алғашқы оқу-жаттығу жиынында біз ойыншыларды сынаймыз және мықтыларын таңдаймыз, - дейді Қазақстан U19 құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов. - Қазір команда сапында 28 ойыншы жаттығып жатыр. 6 желтоқсандағы жеребе тарту рәсімінен кейін біз Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы іріктеу тобымызға түскен командаларды білдік. Бапкерлер штабы бар ақпаратты пайдаланып, қарсыластарды зерттеуді бастады. Осы жиынға тоқталсақ, біз үш жолдастық кездесу ойнауды жоспарлап отырмыз. Оқу-жаттығу жиынына Қазақстан біріншілігінде бапкерлер штабының көзіне түскен ойыншылар шақыртылды. Осыған қоса біз бразилиялық «Крузейро» футбол академиясын бітіріп келгендер арасынан да бірнеше футболшы қызықты. Осы уақытқа дейін өзін жақсы жағынан танытқандар да бар. Осылайша, біз «Астана» ойыншылары Мәди Жақыпбаев пен Сұлтан Сағынаевқа, «Қайрат» қақпашысы Данил Устименкоға демалыс бердік. Өкінішке қарай, ауырып қалғандар мен жарақат алғандар да бар. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин мен шабуылшысы Вячеслав Швырёв, сонымен қатар «Тараз» командасынан Еркебұлан Сейдахмет емделіп жатыр. Қазіргі кезде жаңа келіп қосылған ойыншыларды қарап көруіміз қажет. Біз селекциялық жұмысты жыл бойы жүргіземіз. Әр үміткерді бақылаймыз. Жасөспірімдерге арналып енгізілген турнир лимиті жақсы болды. Енді олар Қазақстан біріншілігінің Екінші Лигасында ойнайтын кәсіби клубтардың фарм-клубтарында тұрақты түрде доп тебе алады. Мұндай тәжірибе біздің футболшыларға тек пайдалы болады. Ұлттық құрамаға үміткерлер әрдайым ойнап тұрады. Келесі жылдың ақпан айында біз халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шетелдік командалармен жолдастық кездесу ойнауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың күзінде өтетін Еуропа чемпионатырың матчтарынан бөлек, біз 2018 жылдың тамыз айына жоспарланған дәстүрлі халықаралық «Валентин Гранаткин Мемориалы» турниріне қатысамыз. Жарыстарға тыңғылықты дайындалу үшін уақыт әрі мүмкіндік бар. Қазір команда негізін жасап алу қажет. Кей позицияларды әлі де жақсартып, ойыншылар арасындағы түсінісушілікті жақсарту керек. Одан кейік селекциялық жұмыстар болып, практикалық және теориялық сабақтар жалғасады.

Еуропа Чемпионаты. Жасөспірімдер. U-19. Жеребе. 9-топ

Қазақстан, Сербия, Польша, Солтүстік Ирландия.

Ойыншылар мен бапкерлер:

Қақпашылар: Вадим Саенко, Олег Медведев (екеуі де - «Астана»);

Қорғаушылар: Сағи Совет, Санжар Айтым, Әлім Ілиясов, Дінмұхаммед Қашкен, Самат Мәжитов (барлығы - «Астана»), Бексұлтан Шәмші, Даниель Мәуленов (екеуі де- «Ордабасы»), Қанат Жұпқазиев («Крузейро»), Таир Нұрсейітов («Шахтёр»);

Жартылай қорғаушылар: Руслан Махан, Жасұлан Қайыркенов (екеуі де - «Астана»), Нұрәлі Мамырбаев («Ордабасы»), Дмитрий Бачек, Дінмұхамед Қараман, Нұрбол Нұрберген (барлығы - «Крузейро»), Вадим Сидоров («Қайрат»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Никита Лунёв («Шахтёр»), Антон Скворцов, Александр Усачёв (екеуі де - «Ақтөбе»), Карен Джанунц («Тараз»);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко («Астана»), Амал Сейітов («Еңбек»), Иван Сизов («Қайрат»), Денис Красноперов («Ертіс»), Виктор Грабко («Атырау»);

Бапкерлер штабы: аға бапкер- Александр Кузнецов, аға  бапкердің көмекшісі- Игорь Маштаков, қақпашылар жаттықтырушысы - Ерлан Тілеуқұлов, дәрігер – Ғалилбай Ахметов, массажист – Қайрат Күнқожаев, әкімші- Владимр Горячий, менеджер - Дінмұхамед Оралов.

Жоспарланған кездесулер:

16.12.2017.  Қазақстан - ЦСКА (Алматы) - 17:00

16.12.2017.  Қазақстан - «Алматы» (Алматы) - 18:30

20.12.2017.  «Қайрат» (Алматы) – Қазақстан - 14:30

Ойындар «Қайрат» ФК Академисындағы Тимур Сегізбаев атындағы оқу-жаттығу базасында өтеді.