Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

15 желтоқсанда өткен Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында келесі шешімдер қабылданды:

Футзалдан ҚР Кубогы

«Аят» - «Қайрат»

ҚФФ ТР 118-бабының сәйкес «Аят» командасының ойыншысы Е.Сағындықовты дөрекі ойыны (матч барысында қарсыласты баспен ұру) үшін ҚР Кубогының 3 матчынан шеттету. Дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 14 желтоқсанынан басталды деп анықтау.

ҚФФ ТР 118-бабының сәйкес «Қайрат» командасының ойыншысы М.Першинді дөрекі ойыны (матч барысында қарсыласты қолмен ұру) үшін ҚР Кубогының 3 матчынан шеттету. Дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 14 желтоқсанынан басталды деп анықтау.