Александр Бородюк: «Тимур Сегізбаевтың аты тек қазақстандық емес, кеңестік футболдың да тарихына алтын әріптермен жазылып қалды»

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Тимур Сегізбаевтың отбасына көңіл айтты.

- Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық бапкерлік штабының атынан Тимур Санжарұлының жақындарына, туған-туысқандарына көңіл айтамын. Тимур Сегізбаев біздің есімізде керемет адам, бір үлкен дәуірдің даңқты футболшысы ретінде мәңгі қалмақ. Тимур Сегізбаевтың аты тек қазақстандық емес, бүкіл кеңестік футболдың да тарихына алтын әріптермен жазылып қалды. Бұл посткеңестік футбол үшін орны толмас үлкен қайғы.