Евгений Яровенко Тимур Сегізбаевтың отбасына көңіл айтты

Олимпиада чемпионы, қазіргі таңда Украинада тұрып жатқан Евгений Яровенко Тимур Сегізбаевтың отбасына көңіл айтты.

«Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың туған-туысқандарына және барлық жақындарына, «Қайрат» футбол клубына және барша жанкүйерлерге көңіл айтамын. Ұлы ойыншы әрі бапкер болған Тимур Сегізбаев біздің есімізде мәңгі қалмақ. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», - деп көңіл білдірді Евгений Яровенко.