Қазақстан әйелдер құрамасы түркиялық клубты 15:0 есебімен жеңді

Белекте (Түркия) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жолдастық кездесуін өткізді.

Бұған дейін жоспарланған 19 жасқа дейінгі Ресей қыздар құрамасына қарсы матч болмай қалды. Оның орнына Айтпай Жамантаев шәкірттері түркиялық «Анталия Демирспор» клубымен кездесіп, 15:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Анастасия Власова мен Мария Демидова қарсылас қақпасына әрқайсысы бес голдан соқты. Ал Арайлым Орынбасарова хет-трик жасады. Осыған қоса Назерке Шалмұхамбетова мен Құндыз Қожахмет дәлдігімен көзге түсті.

«Анталия Демирспор» - Қазақстан - 0:15 (0:12). Әйелдер.

Голдар: Орынбасарова 1, 5, 47, Власова 3, 7, 34, 48, 54, Н.Шалмұхамбетова 6, Демидова 9, 21, 30, 45, 52, Қожахмет 12.

16.12.2017. Белек (Түркия). «Kaya Belek».