Тәуелсіздік күніне арналған турнир аяқталды

Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде облыстық футбол федерациясының бастамасымен футзалдан қыздар, студенттер және мектеп оқушылары арасында турнир ұйымдастырылды.

Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша қола жүлдені №198 орта мектептік оқушылары иеленді. Олар «қола» үшін болған матчта «КазГЮ және ТК» студент қыздарын пенельти бойынша 3:2 есебімен жеңді (негізгі уақыт 0:0).

Финалдық ойында №12 және №257 орта мектептің қыздары кездесті. Турнирдің басты жүлдесі – Тәуелсіздік Кубогын №12 мектептің оқушы қыздары жеңіп алды. Олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Турнирдің үздік ойыншылары:

Қақпашы – Жұлдызай Қаражан (№ 257 ОМ);

Қорғаушы – Назерке Әбілтаева (КазГЮ және ТК);

Шабуылшы – Рашида Резанова (№198 ОМ);

Үздік ойыншы – Наргиз Ваисова (№12 ОМ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан Кубоктар, естелік сыйлықтар мен медальдармен марапатталды.