Өзбекстан Футбол Федерациясы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан тарихындағы үздік футболшылардың бірі, алматылық «Қайраттың» аты аңызға айналған капитаны Тимур Сегізбаев 76 жасында дүниеден өтті.

Аңыз ойыншы спорт ғұмырында «Қайрат» үшін 200-ден аса матч өткізген. Кейін бапкерлік қызметте болып, одан кейін Қазақстан Футбол Федерациясында басшылық қызметте жұмыс істеді.

«Өзбекстан Футбол Федерациясы, ардагерлер, жанкүйерлер мен жалпы футбол қауымы қазақстандық футболдың жарық жұлдызы әрі бапкері Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтады. Ол өз ісіне шынайы берілген азамат, кәсіби шеберліктің эталоны еді. Тимур Санжарұлы тек Қазақстан мен Орталық Азияның ғана емес, дүниежүзінің де футболы дамуы үшін зор үлес қосты. Ол барлық жанкүйер арасында тек махаббат пен құрметке ие болды», - делінген жеделхатта.